ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қыс маусымында халықты, қала аумағындағы мекемелерді сапалы табиғи газбен, жылумен, электр қуатымен қамтуда, оқыс жағдайларды алдын алуда атқарылған жұмыстар пысықталды. Сондай-ақ жауаптылар көлік жолдарындағы қозғалысқа қолайлы жағдай жасау бағытындағы шараларды баяндады.
Көп қабатты тұрғын үйлер мен жеке ғимараттарда сирень-сөйлеу құрылғыларын орналастыру, пиротехникалық заттарға қатысты қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары қарастырылды. Сонымен қатар, комиссия отырысында қала аумағындағы хостелдердегі өртке қарсы қауіпсіздік мәселелері баяндалып, құзырлы органдарға келеңсіздіктерді алдын алуда нақты тапсырмалар берілді.
Другие статьи:
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Қала әкімдігі тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кең ауқымды шараларды қолға алып, қысқа дайындықты қызу жүргізіп жатыр. Жылу жүйелері, жолдар мен көпірлер күрделі ауа райы жағдайларына дайын болу үшін тексеріліп, жөнделеді. Су қоймалары да тасқынның алдын алу үшін мұз бен қардан тазартылады. Қала қызметтері жол беттерін мұздан тазарту үшін тұз бен құмтаспен қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайларда тұрғындарды эвакуациялау және оларға көмек көрсету бойынша оқу-жаттығулар жүргізілуде. Медициналық мекемелер мен шұғыл қызметтерді ықтимал төтенше жағдайларға дайындауға ерекше назар аударылады.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Азамат Алимбетов
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)