Байланысқа арналған телефондар:
» » МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

22 январь 2024, Понедельник
1 572
0
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Бауыржан Орынбасарұлы Орынтаев тағайындалды.
Бауыржан Орынбасарұлы 1989 жылы 21 қаңтарда Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — жерге орналастыру, мемлекеттік және жергілікті басқару.
2011-2022 жылдары Созақ аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Созақ аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім басшысы, Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
2022-2023 жылдары Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің бөлім басшысы, Шымкент қаласы әкімінің көмекшісі болды.
Бауыржан Орынбасарұлы 7.12.2023 жылдан бастап бүгінге дейін Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать