ЖАСЫЛ ҚАЛА: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ГҮЛЗАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Мегаполистің микроклиматын қалыптастырып, жасыл желекті көбейту мәселелері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей бақылауында. Бүгін қала басшысы тұрғындармен бірге аллеяның ашылуына қатысты. Желтоқсан көшесінде демеушілер есебінен салынған демалыс аймағының жалпы ауданы шамамен төрт мың шаршы метрді құрайды. Халыққа ыңғайлы болу үшін жаяу жүргіншілер жолының бойында заманауи жарықтандыру шамдары, орындықтар, шағын сәулет нысандары орнатылды, сондай-ақ суармалы көгалдар қарастырылып, жасыл желектер отырғызылды.Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта Еңбекші ауданында тағы бір сквердің құрылысы жүргізілуде.
Жібек жолы, Сайрам көшелерінің қиылысында жаңа серуендеу аймағы пайда болады. Бұл жоба да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде
14 Наурыз 2026, Сенбі
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл
14 Наурыз 2026, Сенбі
ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
14 Наурыз 2026, Сенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)







