ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛЫП, ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласындағы Түркістан мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жаңа гүлзар ел игілігіне берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты.Демалыс аймағының ашылу барысында қала басшысы гүлзарды аралап, жергілікті халықпен тілдесті. Тұрғындар 20 жылдан бері түйіні тарқамаған мәселе тез арада шешімін тауып, әсем сквер салынғанына ерекше ризашылықтарын білдірді.
Еске салсақ, қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлының Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде жергілікті халық гүлзар салу бойынша мәселе көтерген болатын. Бұқараның тілегін ескерген қала басшысы мәселені өз бақылауына алып, шұғыл түрде жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде кәсіпкерлік нысандардың жер телімдері мемлекет мұқтаждығына алынып, құрылыс жұмыстары басталды.
Демеушілер есебінен салынған демалыс аймағының жалпы алаңы 50 соттықты құрайды. Скверде 100-ге жуық тал көшеті (20 дана қайың, 18 дана акация, 8 дана шынар, 20 дана емен, 8 дана қарағай, 18 дана талшын) егілді. Құрылысы 1 ай шамасында аяқталған гүлзарда әткеншектер мен орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылды. Сондай-ақ 2 000 шаршы метрге мәрмәрдан жасалған аяқжол салынып, 2 200 шаршы метр аумақ көгалдандырылды.Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА АБАЙ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.
16 Маусым 2026, Сейсенбі
АУДАН АУМАҒЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 101 ЖЫЛ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
22 Желтоқсан 2023, Жұма
КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ БАЙТҰРСЫНОВ КӨШЕСІНДЕГІ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫНА РЕКОНСТРУКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Комментарии (0)





