Шымкент қаласының әкімі Еңбекші ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.
Шымкент қаласының әкімі Еңбекші ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Жер учаскелерін заңдастыру, көшелерді көгалдандыру, жолдар мен спорт алаңдарын салу сұрақтары да қарастырылды.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Еңбекші ауданындағы Шаңырақ, Тұрдыабад Базарқақпа, Абдулабад шағын аудандары мен тұрғын алаптарының азаматтарымен кездесті. Аудан халқы ең алдымен коммуналдық қызметтерге, электрмен жабдықтауға, қаңғыбас иттерді аулауға, аялдамалар орнатуға, жол белгілері мен көшелерді жарықтандыруға қатысты бірқатар кешенді мәселелерді көтерді. Жер учаскелерін заңдастыру, көшелерді көгалдандыру, жолдар мен спорт алаңдарын салу сұрақтары да қарастырылды. Тұрғындар қоғамдық көліктер мен кәсіпкерлік нысандарының жұмысына қатысты ұсыныстарын білдірді. Мегаполис басшысы мен сала басшылары кей мәселелерді сол жерде шұғыл шешті. Күрделі мәселелер бақылауға алынып, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдері мен басқарма басшыларына қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде жедел және пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. Қала әкімі бірінші кезекте барлық шаралар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, Базаркақпа тұрғын алабындағы көшпелі кездесу барысында қала басшысы жергілікті тұрғындардың жұмылуымен пайда болған жасыл аймақты аралап көрді. Жаяу жүргіншілер жолдарын қарастыру, қоршаулар мен бейнебақылау камераларын орнату мәселелерін қамтитын қолайлы микроклиматты қалыптастыруда және халыққа қолайлы жағдай жасауда жауаптыларға бірқатар міндеттер қойылды.
Айта кету керек, бұған дейін Ғабит Сыздықбеков көшпелі кездесу аясында Абай ауданының «Самал-2», «Шұғыла», «Ынтымақ-2», «Қызылжар», «Жайлау» және «Алтынтөбе» шағынаудандарының тұрғындарымен жүздескен болатын. Кездесу барысында тұрғындар жер қатынастары, балалар алаңдарын салу, бейнебақылау камералары мен көше жарығын орнату, жолды асфальттау және кеңейту, қоғамдық көлік жұмысы мен кәріз жүйесін тарту секілді маңызды мәселелерді көтерген еді. Сонымен қатар, «Күншығыс», «Ескі қалашық», «Химфарм», “16-шы” шағынауданы, Жандосов, Жібек Жолы және Иляев көшелерінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылаған болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Казакстаннын экономикалық бағдары» атты Қазакстан халқына Жолдаунда еліміздің эономикалық даму стратегиясының негізінде азаматтардың мүддесі болуы қажет екені атап өтілді. 2024 жылы Үкімет бұл бағытты маңызды әлеуметтік бастамалармен жүзеге асыруды
жалғастырды.
2024 жылы Қазакстанда әлеуметтік сала қарқынды дамуын жалғастырды. Мемлекет басшысы халыкка Жолдауында білім, денсаулық сақтау салаларының сапасын арттырып, азаматтарды әлеуметтік қоргауды нығайту кажеттілігін атап етті. Осы міндеттердін шеңберінде реформалар жасалып, бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. 2024 жылы мемлекеттік бюджеттің жартысынан астамы (52,8%) әлеуметтік салага багытталды. Жыл сайын
зейнетақыны көтеру аясында 2024 жылдың 1 каңтарынан бастап төлемдер: базалық зейнетақы 7%-ға, ынтымақты зейнетақы 9%-ға инфляцияны ескере отырып, индекстелді. Нетижесінде 2,4 млн зейнеткердің оның ішінде, БЖЗК жинақтау қорынан зейнетақы алатын 459,3 мың зейнеткердің зейнетақысы көбейді. Орташа зейнетақы көлемі 165 мың теңгеден асты. Бұдан бөлек, базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарнасы 2028 жыла карай 5%-ғa улғаяды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан баста ен төмеңгі жалакы 85 мын теңгеге дейін артты. 1,8 млн адам, оның, ішінде бюджет қызметкерлері камтылды. 600 мың азаматтық кызметшілердің жекелеген санаттарының жалакысын кезең-кезеңімен 20%-ға арттыру жалғасуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау шаралары жүзеге асырылып жатыр, табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны азайып келеді. Цифрлық отбасы картасы арқылы 8430 мыңнан астам адамға мемлекеттік кызметтер керсетілді. 845 мыннан астам адам жұмыспен қамтылды, оның 401 мыңнан астамы жастар. 9 мыңга жуық азамат, оның ішінде мүгедектігі бар жандар және ерекше қажеттілігі бар балалы ата-аналар бизнес-идеясын жүзеге асыруға грант алды.
Қорытынды: Көшпелі кездесулерде тұрғындар мен әкімдік арасындағы тікелей байланыс нығайтылып, жергілікті халықтың қажеттіліктерін ескеруге бағытталған шаралар қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында көтерілген әлеуметтік сала мәселелері де басты назарда болып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында бірқатар реформалар мен жобалар жүзеге асырылды.
2024 жылы әлеуметтік қорғау шаралары мен жұмыс орындарын құру, зейнетақы мен жалақыны арттыру сияқты бастамалар жүзеге асырылып, мемлекет тарапынан азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қадамдар жалғасын тапты.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
08 Тамыз 2024, Бейсенбі
ӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ӘЛ-ФАРАБИ, ЕҢБЕКШІ АУДАНДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Комментарии (0)