ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ: ЖЕРДІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА АЛУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков халықтың өтінішін ескере отырып, жасыл белдеу аумағын өз орнында қалдыру бойынша тапсырма берді.
Игілік тұрғын алабы, Баба ата көшесінің бойындағы жасыл белдеу кезінде жеке тұлғаларға қойма құрылысы үшін берілген. Бірақ, жергілікті тұрғындар мегаполис басшысымен кездесу барысында жасыл белдеу аумағын жеке тұлғаға бермеуін сұрап, жасыл белдеуді орнында қалдыру бойынша өтініш білдірді.
Қала басшысының тапсырмасымен, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы аталған жерге зерделеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, 1,4 га аумақтың нысаналы мақсаты «қойма жайлары және темір базасы құрылысын салу үшін», «Шебер Юг» ЖШС-не,«Шымкент құс» ЖШС-не және кәсіпкерге жеке меншік құқығымен рәсімделгені анықталды.
Алайда, бас жоспар бойынша аталған жер учаскесі жасыл желек аумағында орналасқандықтан, мемлекет мұқтажына алынады. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазір әлеуметтік желіде жасыл белдеуде ағаштар кесіліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Аумақта кәсіпкерлер тарапынан ағаш кесу фактілері орын алмағанын хабарлаймыз және азаматтардан тек ресми ақпарат көзіне сенуін сұраймыз. Аталған мәселе қала әкімінің жеке бақылауында.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші:Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
27 Желтоқсан 2023, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛАТЫН БОЛДЫ
Комментарии (0)