2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен 36, 4 мыңнан астам отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді

📌 Үкімет тарапынан 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлкі зақымданған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілді. Өңірлерде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және инфрақұрылым салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
✔ Мәселен, 36 455 отбасына жалпы сомасы 13,3 млрд теңге 100 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді. 21 876 отбасына 9,9 млрд теңге көлемінде 150 АЕК-ке дейінгі өтемақы төленді. Биылғы төтенше жағдай жарияланған су басқан аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек төлеу жергілікті комиссияның отбасылардың материалдық жағдайын тексерусіз автоматты түрде ІІІ тоқсанға ұзартылды. Мұндай шешім нәтижесінде 3,6 мың отбасына 655,7 млн теңге көлеміндегі АӘК төлемі тағайындалды.
✔ Су тасқыны кезінде зардап шеккен өңірлерде комиссиялар азаматтардың жалғыз баспанасы саналатын 19 359 су басқан үй мен саяжай құрылыстарын тексерді. Оларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жылжымайтын мүлік нарығынан 5 767 тұрғын үй сатып алынды. Жөндеу жұмыстары 9 156 үйде немесе 100% аяқталды. Бұл мақсаттарға барлығы 54,7 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ қысқа мерзімде 64 млрд теңгеге тұрғындар үшін 2 680 жеке тұрғын үй салынды.
📱 @KZgovernment
Тілші : Алимбетов Азамат

Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
10 Желтоқсан 2024, Сейсенбі
Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 93 407 (2023 ж. – 89 926), оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 2 (2023 ж. – 2), тыл еңбеккерлері – 1 767 (2023 ж. – 1 950).
24 Сәуір 2024, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТТЕН ЖІБЕРІЛГЕН ҚҰТҚАРУШЫЛАР МЕН ТЕХНИКАЛАР СУ ТАСҚЫНЫМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫНА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА
17 Сәуір 2024, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТТІКТЕР СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 200 ТОННАҒА ЖУЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ
10 Сәуір 2024, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТТІКТЕР СУ ТАСКЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 70 ТОННАДАН АСТАМ ГУМАНИТТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ
Комментарии (0)