ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.Балалардың жүзіне күлкі сыйлап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, мекеме аумағын аралап, балалардың
жағдайымен танысты.
Ал, балалар тәрбиешілермен бірге арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Ән айтып, би билеп бар өнерін ортаға салды.
Бүгінде орталық қызметкерлері балғындар үшін отбасылық жайлылық пен жылы атмосфера жасап отыр.
Түрлі үйірмелер мен секциялар жас достардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Балалар - біздің басты байлығымыз. Жас ұрпақтың жеке қабілеттерін дамытып,оларға барлық жағдай жасау, өмірін, денсаулығы мен құқығын қорғау - біздің маңызды міндеттеріміздің бірі.
Мейрам қарсаңында балаларға бақытты балалық шақ, денсаулық, ата-аналарға амандық пен табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






