ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Ауыр нейрохирургиялық дертке шалдыққан науқастарға стационарлық көмек көрсетуге бағытталған медициналық орталық №2 қалалық аурухана базасында іске қосылды. Осыған дейін пациенттер тиісті қызметтерді алу үшін еліміздің өзге аймақтарына, қаладағы медициналық ұйымдарға барып, уақыт оздырып келген болатын. Енді бас-ми жарақаты бар, түрлі ауыр дертке шалдыққан нейрохирургиялық көмекті қажет ететін науқастар осында тәулік бойы жедел түрде қабылданады.Қазір мұнда оқу орталығы ашылып, резиденттер, отандық және шет елдердің нейрохирургтері оқытылуда.Жаңа орталықты медицина ғылымдарының докторы, еліміздің білікті нейрохирургы Еркін Жұмағұлұлы Медетов басқарады.
Айта кетейік, жыл басынан бері N2 аурухана базасында 150 нейрохирургиялық операция жүзеге асырылды. Күрделі оталар Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова, Швейцария елдерінен келген науқастарға да жасалған.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде
14 Наурыз 2026, Сенбі
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл
14 Наурыз 2026, Сенбі
ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
14 Наурыз 2026, Сенбі
Похожие материалы:
16 Сәуір 2024, Сейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ ДИАБЕТТІК ТАБАН СИНДРОМЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРҒА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛЫП ЖАТЫР
Комментарии (0)






