Байланысқа арналған телефондар:
» » 6) Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға екпе салынды

6) Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға екпе салынды

17 Қантар 2025, Жұма
1 539
0
Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға екпе салынды

  Түркістан облысында 2024 жылы тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы «Гриппол+» екпесі 271 348 адамға салынды, бұл өңір тұрғындарының 12,9%-ын құрайды. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2024 жылдың 9 қаңтарына дейін облыста ЖРВИ-дің 125 804 жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 69 142 жағдай анықталған.
  Екпе жұмыстарымен қатар, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығы мен инфекциялық аурулар жағдайының күрт асқынуы мүмкіндігі айтылды. Бұл ахуалға еліміздің шетелдермен, әсіресе оңтүстік-шығыс Азия елдерімен саяси-экономикалық және туристік байланыстарының белсенді дамуы ықпал ететінін атап өтті.
  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеп, қазіргі таңда 685 инфекциялық төсек-орын бар екенін, оның 445-і балаларға арналғанын және 486 науқас емделіп жатқанын айтты. Оның ішінде 199 ересек, 66 жүкті әйел және 221 бала тіркелген. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать