Байланысқа арналған телефондар:
» » ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

10 Маусым 2024, Дүйсенбі
1 610
0
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы лауазымына Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы тағайындалды. 

Мерлан Керімжанов Қазақ гуманитарлық заң университеті заңтану бойынша, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы «Айнабұлақ» базарының әкімгершісі қызметінен бастаған. Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс, жолаушылар көлігі және әкім аппаратында, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірқатар басшылық қызметтерін атқарған. Түркістан облысы сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болған. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғатты қорғау министрлігінің су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Түркістан филиалының директоры болған. 

Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі 
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать