ХVII СЕССИЯ: МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен сессия отырысында 12 мәселе қаралды. Олардың ішінде 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептер, мәслихаттың 2 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы, цифрландырудағы жобалар, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер бар. Былтыр мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,7 %, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 26,0 % , бөлшек сауда көлемі 19,8 % , құрылыс жұмыстарының көлемі 13,2 % , шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 17,6 %-ға артқан.
Цифрландыру саласында да өзгерістер көп. Астана қаласы әкімдігінің тәжірибесі негізінде жергілікті атқарушы органдардың функцияларын тоқтаусыз автоматтандыру жоспарлануда. Ал мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында бүгінгі таңда қалада 58 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге 16 жоба аяқталды.
Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Қала басшысы мегаполисті дамытуда қабылданған оң шешімдерге тоқталып, мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.
Сессияда сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев, жаңадан сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бақытжан Позиловты таныстырып, төс белгісін табыстады.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
27 Желтоқсан 2023, Сәрсенбі
ҚОРЫТЫНДЫ СЕССИЯ: ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ДИНАМИКАЛЫҚ ӨСІМ БАР
12 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
СЕССИЯДА ҚАЛАНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Комментарии (0)




