Байланысқа арналған телефондар:
» » АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

12 Тамыз 2024, Дүйсенбі
1 806
0
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы, мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз салынған құрылыс нысандары, құжаты рәсімделмеген дүңгіршектер, денсаулық сақтау саласында 6 айда атқарылған жұмыстар талқыланды.

Білім басқармасының басшысы Н.Шәмшиева жаңа оқу жылы қарсаңындағы білім ғимараттарының дайындығы мен өзекті мәселелерді пысықтады. Қала әкімі тиісті сала басшыларына білім нысандарының жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз етуде, мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына әзірлігін сапалы, мерзімінде жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Жүнісбеков дүңгіршектерді тиісті құжаттарсыз өз бетінше иеленген жағдайларға тоқталды. Жалпы қала бойынша 577 дүңгіршек анықталған, орнынан алынғаны 228. Тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Қала басшысы жауаптыларға құжаттандыру жұмыстарын заң аясында жүргізуді бақылап, кәсіпкерлік қызметтің заң шеңберінде ұйымдастырылуын қамтасыз етуді тапсырды.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М. Керімжанов заңсыз салынған құрылыс нысандары бойынша баяндама жасады. Басқарма тарапынан заңға сәйкес 28 нысанға талап арыздар жолданған, 13 құрылыс нысанына мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шықты. Қала әкімі сала басшысына бұл бағыттағы жұмыстарды заң шеңберінде ұйымдастыруда нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать