Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы «EDEM MEBEL» жиһаз фабрикасының жұмысымен танысты: Өңірдің өндірістік әлеуеті артып келеді
Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы «EDEM MEBEL» жиһаз фабрикасының жұмысымен танысты: Өңірдің өндірістік әлеуеті артып келеді
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына іссапармен барып, ауданның өндірістік әлеуетімен танысу барысында «EDEM MEBEL» жиһаз фабрикасының жұмысын қарап шықты. Бұл фабрика корпустық жиһаздар шығару саласында қызмет етуде және аймақтың өнеркәсіптік дамуына маңызды үлес қосып отыр. Нұралхан Көшеров фабрика жұмысын оң бағалап, оның сапалы өнім шығару және тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз ету сынды маңызды міндеттерді атқарып отырғанын атап өтті. Өңірде кәсіпорындардың дамуына қажетті қолдау көрсету және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында барлық қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Фабриканың директоры Икбол Абишев кәсіпорынның жұмысын таныстырып, фабриканың қазіргі жағдайы мен жетістіктері туралы баяндады. Қазіргі таңда фабрикада 40 тұрақты қызметкер жұмыс істейді, олардың орташа айлық жалақысы 200 мың теңгені құрайды. Бұл кәсіпорын өңірдегі еңбек нарығында маңызды рөл атқарып, көптеген отбасы үшін тұрақты жұмыс орнын ұсынып отыр. Жиһаз фабрикасының жылдық қуаттылығы – 10 мың дана түрлі жиһаз. Аймақтық нарықта үлкен сұранысқа ие. Фабрика шығарған өнімдер Шымкент қаласы мен Түркістан, Қызылорда облыстарында сатылымға шығарылады.
Жиһаз фабрикасының жұмысы өңірдің экономикасына елеулі үлес қосып, өңірдегі кәсіпкерлік пен өндіріс саласын дамытуға ықпал етуде. Аймақтағы басқа да кәсіпорындар үшін үлгі боларлық жоба ретінде қарастырылып, болашақта жаңа жұмыс орындарын ашу мен өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында кәсіпорынды қолдау шаралары жалғаса бермек.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)