10) ТҮРКІСТАН: Төлебиде ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді
ТҮРКІСТАН: Төлебиде ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді
Төлеби ауданында 100 жастан асқан қазыналы қариялар мерекелеріне орай құттықталды. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Көксәйек ауылдық округінің тұрғындары – 105 жастағы Құралай Оразбаева мен 101 жастағы Пернекүл Бектеміроваға арнайы барып, олардың мерейлі жасымен құттықтады. Әкім қариялардың ұзақ өмірінің мән-маңызы, ұрпағының қуанышы мен бақыты туралы тілектерін жеткізіп, денсаулық пен бақыт тіледі.
Құралай Оразбаева 7 баланы тәрбиелеп, 30 немере, 31 шөбере, 4 шөпшек сүйген, ал Пернекүл Бектемірова 3 баланы өсіріп, 7 немере, 27 шөбере мен 5 шөпшекке ие. Әжелердің өмір жолы еңбекке толы, олар туған күндерінде аудан басшысына алғыстарын айтып, ақ баталарын берді. Төлеби ауданында жүз жасқа жеткен және одан асқан 10-ға жуық қария бар.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
12 Желтоқсан 2025, Жұма
ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
12 Желтоқсан 2025, Жұма
В ШЫМКЕНТЕ СОСТОЯЛАСЬ ОЧЕРЕДНАЯ АКЦИЯ В РАМКАХ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»
11 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
16 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті
Комментарии (0)



