Түркістан облысы. Елдің келешегі оның қауіпсіздігімен тікелей байланысты болып келеді.
Елдің келешегі оның қауіпсіздігімен тікелей байланысты болып келеді. Менің ойымша қауіпсіздік – бұл азаматтардың өмірін қауіпсіз әрі жайлы ететін көптеген аспектілерді қамтитын күрделі ұғым деп түсінемін. Мемлекет басшысы Тоқаев 2021 жылы енгізген ұлттық жобаның бірі «Қауіпсіз ел» деп бекіткен болатын.
Президент Тоқаев ұлттық жобаның негізгі міндетін көрсетіп, ел қауіпсіздігін сақтау басты мақсат екенін атап айтты.
Ұлттық жобаны іске асыру қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігі мен әскери нысандарды жетілдіруді қамтамасыз етеді. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы – Мемлекет басшысы айқындаған Ұлттық даму жоспарына, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және басқа да міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатын, еліміздің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған кешенді стратегия. Осы негізде ұлттық жоба аясында елімізде ауыр қылмыстар көрсеткіші мен құқық бұзушылықтар саны азайған. Кісі өлтіру, тонау, бұзақылық қылмыстарының ашылу көрсеткіші жоғары. Қазіргі уақытта есірткі қылмысымен күресу бойынша тиісті шаралар қатаң түрде жүргізіліп келе жатыр. Есірткі сатудың 33 фактісі ашылып, 18 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соңғы 10 жылда облысымызда нашақорлар саны 960-тан 740-қа дейін кеміген.
Ұлттық жоба – ел азаматтарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған кешенді мемлекеттік бағдарлама. Ол қылмыс пен терроризмге қарсы күрестен бастап, кибер кеңістіктегі қауіпсіздікті жақсартуға дейінгі кең ауқымды қамтиды.
«Қауіпсіз ел» жобасының негізгі мақсаттарына қылмысты азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, киберқауіптерден қорғау және экстремизм мен терроризмнің алдын алуды жатқызуымызға болады.
«Қауіпсіз ел» – бұл жай ғана шаралар кешені емес, заңнама мен құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған ұлттық жоба. Жерімізде қауіпсіз және тұрақты ортаны құру үшін мемлекет пен азаматтардың тұрақты күш-жігерін қажетсінуіміз керек.
Қорытындылай келе , адам баласының соғыссыз өткен күні аз. Әлі күнге дейін айналамызда болып жатқан оқиғалар елге сабақ болып, тек оңтайлы шешім қабылдауға, ұлттық мүддемізді сақтап, кем-кетікті түзетуге жұмыс жасалуда. Ұлт мүддесін сөз ету – Абайдан басталған шегі жоқ тақырып. Ал қауіпсіз ел тұжырымдамасы – ұлт болып ұйысудың, мемлекет болып қалыптасудың негізі.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
05 Қазан 2024, Сенбі
Шымкент. "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірлердің әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды стратегия ретінде қарастырылады.
05 Қазан 2024, Сенбі
Түркістан облысы. ”Қауіпсіз ел”ұлттық жобасы Қазақстан Республикасының қоғам қауіпсіздігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
03 Қазан 2024, Бейсенбі
Түркістан облысы. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы — Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында жүзеге асырылатын маңызды бастама.
01 Қырқүйек 2023, Жұма
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті
Комментарии (0)