Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Ауыз су - адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су.

Шымкент. Ауыз су - адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су.

10 Қазан 2024, Бейсенбі
17
0
  Ауыз су – адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Сусыз тіршілік жоқ, ол барлық тірі жан иесіне қажет. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз ұзақ уақыт өмір сүру мүмкін емес. Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлардың денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.

  “Су – тіршілік көзі, жердің нәрі,” – деп дана халқымыз бекер айтпаған. Халықтың денсаулығы ең алдымен ауыз суға байланысты болса, ауыл халқының әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігі өсірген егіні мен алған өніміне байланысты екені түсінікті. Таза ауыз су – адам денсаулығының кепілі. Үкімет соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын, білімін және денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асыруда. Соның ең өзектісі – ауыз су мәселесі. Қазіргі уақытта ауыз су әлеуметтік, саяси, медициналық, географиялық, сонымен қатар инженерлік-экономикалық проблемаға айналды.

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытудың Ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бүгінгі таңда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 96 пайызды құрайды. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, жер шарының 74 пайызын су алып жатыр. Соған қарамастан, бүкіл әлемде су тапшылығы бар, әсіресе таза ауыз су мәселесі өте өзекті. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығын сезінеді. Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр, ал 1,7 миллиард адам тұщы су көздеріне зәру. Әлемде жыл сайын таза судың жоқтығынан және антисанитария салдарынан мыңдаған адам көз жұмады, оның көбісі – балалар. Біздің елімізде де ауыз су проблемасы бар.

  Ауыз су қазіргі таңда елімізде күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекет бұл мәселені шешу үшін түрлі шаралар қабылдап жатқаны белгілі. Қарапайым халық су тапшылығын сезініп отыр, ал билік бұл мәселеге алаңдаулы. Сонымен қатар, бұл мәселені сөзбен емес, нақты іспен шешуге барынша атсалысып жатыр. Соған бір мысал – «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы. 2014 жылы қабылданған бұл бағдарлама аясында көптеген халық үйлі болып, ауыз сумен және газбен қамтамасыз етілді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать