Түркістан облысы. Алкоголь мен шылым шегу — барлық елде кездесетін маңызды проблемалар
Алкоголь мен шылым шегу — барлық елде кездесетін маңызды проблемалар, әсіресе, жасөспірімдер арасында таралған. Өкінішке қарай, олар бұл зиянды әдеттердің қаншалықты қауіпті екенін білмейді. Қазіргі таңда темекінің де түрлері өте көп, мысалы, электронды шылымдар кеңінен қолданылады.
Жақында орын алған қайғылы оқиғаны еске түсірсек, алкогольді ішімдікті ішіп көрмек болған 16 жасар бала қайтыс болды. Бұл жағдай адам өмірінің алкогольдік ішімдіктен арзан болып тұрғанын көрсетеді. Қазіргі заманда адам өмірі бір ғана сусынмен тең болып қалғандай көрінеді. Бір адамның өмірі екінші адамның қолында болғаны ма? Бұл жағдай барша азаматтарға үлкен сабақ болуы тиіс.
Алкоголь мен шылым шегу қазіргі қоғамда ең өзекті мәселелердің бірі, себебі жылдан жылға, айдан айға олардың тұтынушылары артып келеді. Тағы бір маңызды өзгеріс — алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада сататын субъектілердің лицензиялық алымды жыл сайын төлеуі. Сонымен қатар, алкоголь өнімін өндіру мен сатуға бақылау күшейтілді. Бұл өзгерістер алкоголь өнімдерінің сапасын бақылауға көмектеседі.
Жасыратыны жоқ алкоголь өнеркәсібі біраз елдің экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Әйтсе де тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін оны бақылауға алудың маңызы үлкен.
2021 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда темекі және темекі өнімдерін, кальянға арналған өнімдерді, кальяндық құрамаларды, электронды темекілер мен оған арналған сұйықтықтарды ашық қоюға қарсы заң күшіне енген еді. Бұл жаңа шектеу жоғарыда айтылған тауарлар сатылатын барлық сауда нүктелеріне қатысты.
Жаңа заңға сәйкес, темекі мен басқа да темекі бұйымдарын ашық көрсеткен жағдайда сауда нүктелерінің иелеріне 180 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады. Бұл ретте айыппұл мөлшері кәсіпорынның көлеміне байланысты. Жеке тұлғалар үшін айыппұл – 15 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 30 АЕК, орта бизнес үшін – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 70 АЕК болады.
Бұдан бөлек ел жастарының жаман әдеттерге әуестенуі де мемлекетті алаңдатқан мәселеге айналып отыр. Осы орайда Қазақстан алкоголь мен темекі өнімдеріне қарсы күрестің жаңа бағдарламаларын әзірлеп, оларды іске асыруға және салауатты өмір салтын насихаттайтын жобалардың көбеюіне, ақпараттық науқандарды көптеп өткізуге белсенді түрде инвестиция құюда. Сауда орындарында темекі бұйымдарына тыйым салу, оларды барынша тартымсыз көрсету жастар арасында бұл індетпен күресуде оң нәтиже беріп келеді.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Түркістан облысы. Алкоголь және шылым шегуге қарсы күрес шаралары Қазақстанда және әлемде әртүрлі бағыттарда дамып келеді.
07 Қазан 2024, Дүйсенбі
Түркістан облысы. Алкогольге және шылым шегуге қарсы шаралар – қоғамның денсаулығын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.
07 Қазан 2024, Дүйсенбі
Түркістан облысы. Алкогольге және шылым шегуге қарсы шаралар қоғамдағы зиянды әдеттердің алдын алу үшін тұрақты түрде жетілдіріліп отырады.
Комментарии (0)