Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысы. Ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттің қауіпсіздігінен бөлек, ондағы әрбір азаматтың дамуы мен өмір сүруінің үйлесімді шарттары қалыптасқан салауатты қоғам кепілі.

Түркістан облысы. Ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттің қауіпсіздігінен бөлек, ондағы әрбір азаматтың дамуы мен өмір сүруінің үйлесімді шарттары қалыптасқан салауатты қоғам кепілі.

23 Қазан 2024, Сәрсенбі
45
0
Ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттің қауіпсіздігінен бөлек, ондағы әрбір азаматтың дамуы мен өмір сүруінің үйлесімді шарттары қалыптасқан салауатты қоғам кепілі. Ұлттық қауіпсіздік елдің егемендігін, азаматтарын, территориясы мен өз мүдделерін әскери агрессия, терроризм, кибершабуылдар мен саяси толқулардан, ішкі және сыртқы қауіптерден қорғауды көздейді. Осыған байланысты 2021-2025 жылдар аралығында «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы бекітілген болатын. Аталған жоба бағытының бірі – «Қарулы күштерді жаңғырту». Ұлттық жобаны іске асыру қару мен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында қару-жарақтың тәжірибелік үлгілерін шығаруды, сондай-ақ әскери объектілерді жетілдіруді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Қарулы күштерді ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану ауқымын кеңейту, әскери ғылымды дамыту және ғылыми-эксперименттік базаны жетілдіру мәселелеріне де жеке назар аударылуда.

Дегенмен «Қауіпсіз ел» жобасы бұл бәрінен бұрын көкейімізде тұратын маңызды сұрақ. Себебі жасыратыны жоқ, осы уақытқа дейін талай мемлекеттік жобалар қолға алынды, бірақ соның көбісі «басы жұдырықтай, аяғы қылдырықтай» болып, ақыр соңында бөлінген ақшаны ауаға шашып, нәтижесіз аяқталды. Сондықтан енді мұндай қателіктерге жол бермес үшін қандай да бір жобаны қолға алмас бұрын жан-жақтылы ойланып, алып іске кіріскен абзал. 

 «Қауіпсіз ел жобасы аясында, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандар үшін әскери білімді дамыту және де ғылыми эксперименттік базаны жетілдіру мақсатында мамандардың тез шешім қабылдап, критикалық ойлауын арттырып, қандай да бір жағдайға тез енуін, жылдам әрекет етуін, сонымен қатар заманауи техникамен қамтамасыз етіліп, олардың техниканы игеруін қадағалау, олардың қару-жарақтармен жұмыс жасай алу деңгейін бақылау, бұның барлығы, кадрды толыққанды дайындау осы жобаның мақсаты. Осы мақсаттарға сай полиция басқармасында түрлі дайындық курстары, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандарға арналған сабақтар жүргізіліп, функционалды талдау жұмыстар атқарылады. Әсіресе шетелдік тәжірибені сараптау, салыстыру арқылы түрлі қадамдар жасалып жатыр. Сондай-ақ қаржылық жағдай мен әлеуметтік қорғауға байланысты да түрлі шешімдер қабылдануда. Қазір жоба нәтижесі туралы қорытынды жауап беру қиын. Өйткені жоба әлі жалғасу үстінде. Дегенмен Алматы қаласы бойынша жасалып жатқан жұмыстарда оң нәтиже байқалады. Біздің полиция басқармасының жасаған статистикалық мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша қазіргі кезде аудандық жұмыстарда ауыр қылмыс түрі 18%-ға, жеңіл қылмыс түрлері 10%-ға азайған болса, құқық бұзушылықтар саны 38 пайызға төмендеген».

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать