Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Азаматтық қоғамның дамуы және оның маңызы

Шымкент. Азаматтық қоғамның дамуы және оның маңызы

21 Қараша 2024, Бейсенбі
1 556
0
Азаматтық қоғам дамуы дегеніміз не?

Осы орайда қысқаша ойымды айта кетсем, азаматтық қоғам адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтарын толық жүзеге асыруға негізделеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір алуандығын және жариялылықты қорғауы тиіс. Құқықтық мемлекет беделге бас июден, шындықтан және әділдіктен жалтарудан аулақ болуы қажет.

Азаматтық қоғам дегеніміз не?

Бұл ұғымға еркіндік, өзін-өзі басқару кіреді. Азаматтық қоғам – адам ең жоғары құндылық болып табылатын, оның құқықтары мен бостандықтары сақталып және қорғалатын, мемлекет экономика мен саяси бостандыққа ықпал ететін, қоғамның бақылауында болатын жағдай. Азаматтық қоғам – құқық, демократия және әділеттілік негіздеріне сүйенетін әлеуметтік тәртіп түрі.
Мұндай қоғамда жеке тұлға және мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай жасалады. Тек осы ұйымдар арқылы жеке адам социумның, қоғамның даму жолына өз әсерін тигізе алады. Сондықтан азаматтық қоғамды қарым-қатынастың ерекше формасы деп қарастыруға болады, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасында диалог жүзеге асады.

Азаматтық қоғам үкімет пен билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты білдіреді. Азаматтық қоғам дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастарды қажет етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастырсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым деп түсінуге болмайды. Бұл екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ, онсыз ретсіздік, тәртіпсіздік, хаос ғана мүмкін. Дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық құқықтық мемлекет те болмайды, тек зорлық-зомбылық пен тирания үстемдік етеді.

Азаматтық қоғамның қалыптасуын азаматтың пайда болуымен байланыстыруға болады. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменіне барып тіреледі. Азаматтық қоғам — жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндіктері заң жүзінде қамтамасыз етілген және мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесімді дамыған қоғам. Оны ішкімемлекеттік қатынастардың дамуына ықпал ететін адамдар топтарының ұйымдасқан әрекеті ретінде де анықтауға болады. Қоғам мүдделеріне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қоғамның маңызды белгісі болып табылады.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать