Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысы. Ұлттық қауіпсіздік шаралары қазіргі таңда Түркістан қаласында арнайы мәжілістерде талқылануда.

Түркістан облысы. Ұлттық қауіпсіздік шаралары қазіргі таңда Түркістан қаласында арнайы мәжілістерде талқылануда.

04 Қараша 2024, Дүйсенбі
19
0
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан бұл жиында ұлттық қауіпсіздік жүйесінің елдің тұрақтылығы мен дербес дамуының негізі екендігі айтылды. Президент атап өткендей, мемлекетіміздің тыныштығы мен бейбіт өмірін қорғап жүрген қауіпсіздік қызметкерлерінің еңбегі арқасында еліміз өркендеп, ішкі және сыртқы қауіптерге уақтылы жауап беруде. Бүгінгі таңда мемлекеттің конституциялық құрылымы берік қорғалған, ал тәуелсіздігіміздің құндылықтары бірнеше сын-қатерлерге төтеп берді.

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдарының терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі рөліне тоқталды. Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау жолындағы Сыртқы барлау қызметі мен шекара қауіпсіздігі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ерекше атап өтілді. Жыл басынан бері Комитеттің тиімді әрекеті арқасында экстремистік әрекеттерге қатысқан 42 адам ұсталып, екі террорлық әрекеттің алдын алу мүмкін болды. Сонымен қатар, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қарқынды жүргізіліп, көптеген қауіпті қылмыстық топ құрықталып, заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.
Есірткі тасымалына қарсы күрес те белсенді жүріп жатыр. Жарты жыл ішінде елімізде 15 есірткі зертханасы мен 3 плантация жойылып, есірткі тасымалына қатысты 23 халықаралық және 40 аймақтық каналдар әшкереленді. Қазақстан шетелдік серіктестерімен бірлесіп, 14 халықаралық арнайы операцияны жүзеге асырды.
Президент жаһандық шиеленістің күшеюі ұлттық қауіпсіздікке жаңа сын-қатерлер туғызатынын атап өтті. Геосаяси жағдайдың шиеленісуі, гибридті қақтығыстардың таралуы, елдер арасындағы тәуелділіктің артуы Қазақстанның ақпараттық және мәдени кеңістігіне сыртқы ықпалдың күшеюіне әкеп соғатыны айтылды. Осындай жағдайда мемлекеттің орнықты жұмыс істеуі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет.
Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздіктің елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөліне назар аударды. Қаңтар оқиғалары кезінде кейбір басшылардың адалдығы мен офицерлердің ерлігін атап өтіп, қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсібилігі мемлекеттің саяси тұрақтылығын және экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қорытындылай келе, ұлттық қауіпсіздік – елдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатының кепілі. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту елдің ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерге төтеп беру қабілетін арттырады, бұл өз кезегінде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін нығайтады және тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать