Шымкент. Келесі ұрпақты қолдау: Жастар үшін мүмкіндіктер мен сындар
Жастар туралы ой-пікір әрқашан әртүрлі, олардың сөйлеу мәнері мен ой-өрісі де әртүрлі деп ойлаймын. Қаншалықты жас деп айтсақ та, олардың ойы көп жағдайда орынды екенін байқаймыз. Көбіне "жастарға еліктеу қажет" деп айтады, шынында бұл сөздің де жаны бар ма деп қаламын. Қазіргі уақытта бәрін жастарға артып қойып, өзіміз түк болмағандай отырамыз, алайда бұл дұрыс емес. Оларға да қолдау көрсетіп, барынша қол ұшын созу қажет. Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.
Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020» сияқты бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарламалар аясында республика аймақтарында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын атап өту қажет.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлік мектебінде «Өркен старт-ап» жастар жобасының екінші оқу кезеңі өтті. Аталған жобаның негізгі мақсаты – облыс жастарының бойында кәсіпкерлікке деген құштарлығын арттыру және бизнес саласын жастар арасында белсенді насихаттау. «Өркен старт-ап» жобасына қатысуға ОҚО тұрғындары 16-дан 29 жас аралығындағы азаматтар шақырылған. «Басты шарт – жасампаздыққа және жеке бизнесін дамытуға даяр болу», – дейді жоба үйлестірушісі Г.Вероцкая. Болашақ бизнесмендердің даңғыл жолына бастама болатын жобаға ең белсенді 17 адам алғашқы қатысушы атанды.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлағандай, Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламасына студенттер мен оқушылар да қатыса алады. Ол бұл туралы Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Сол себепті жастар үшін барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуіміз қажет деп санаймын.
Жастар ресурстық орталығы осы мақсатта жұмыс атқаруда», деген еді Оралов «Қазақстандағы жастар саясаты: өзекті проблемалар мен даму болашағы» тақырыбында өткен конференцияда. Оның айтуынша, жастардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін «Серпін» бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама бойынша білім және ғылым министрлігі мамандықтар тізімін кеңейтуді жоспарлауда. Мысалы, «Серпін» бағдарламасына денсаулық сақтау саласы бойынша да мамандықтар қосылады. Бұл бір жағынан жастардың сапалы жоғары білім алуына мүмкіндік жасаса, екінші жағынан, солтүстік өңірлерге оңтүстік аймақтың жастарын жіберіп, ол жерде қызмет етуге серпін береді. Осы бағдарлама аясында жыл сайын бес мың грант бөлінеді, сондықтан болашақ жастардың қолында деп, барынша көмек көрсетуіміз қажет.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
25 Қазан 2024, Жұма
Шымкент. Жастар саясаты – жастардың құқықтарын, мүдделерін қорғау және олардың қоғамға интеграциялануын қамтамасыз ету мақсатында жасалатын жүйелі шаралар мен бағдарламалар жиынтығы.
11 Қазан 2024, Жұма
Шымкент. Жастар саясаты — бұл мемлекет пен қоғамның жастардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси өмірдегі рөлін арттыруға бағытталған іс-шаралар мен бағдарламалар жиынтығы.
03 Қазан 2024, Бейсенбі
Шымкент. Жастар саясаты – жастарды әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және құқықтық тұрғыдан қолдау мақсатында мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шаралар мен бағдарламалар жиынтығы.
Комментарии (0)