ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН АРТАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл – халықтың табысын арттыруға және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама.Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі, ең алдымен, табысы төмен азаматтардың тұрмыс сапасына оң әсер етуі мүмкін. Себебі жалақы – әр отбасының күнделікті қажеттіліктерін өтеуіне, отбасылық бюджетті жоспарлауына және қаржылық тұрақтылығын сақтауға негіз болатын басты факторлардың бірі.
Бұл ретте ең төменгі жалақыны біртіндеп арттыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Мұндай шешім халықтың табысын көбейтумен қатар, еңбекке деген ынтаны арттыруға және әлеуметтік теңгерімді сақтауға ықпал етеді. Әсіресе күнделікті шығындары көбейіп, баға өзгерісін сезініп отырған азаматтар үшін жалақы көлемінің өсуі маңызды қолдау болмақ.
Жалпы, ең төменгі жалақыны көтеру – әлеуметтік саясаттағы маңызды бағыттардың бірі. Мемлекеттің бұл бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек адамының табысын бағалауға және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға негізделуі тиіс. Ең бастысы, қабылданған шешім нақты нәтижесін халықтың күнделікті тұрмысынан көрсетуі керек.
Обсудить
Другие статьи:
ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН QAZETA ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
03 Қараша 2026, Сейсенбі
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН АРТАДЫ
03 Қараша 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
28 Қазан 2026, Сәрсенбі
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ: ПРЕЗИДЕНТ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ АЙҚЫНДАДЫ
12 Желтоқсан 2024, Бейсенбі
Қазақстандағы әлеуметтік реформалар мен экономикалық даму бағыттары азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналғанымен, қаржы басқару мен ашықтық мәселелері де өзекті болып тұр.
31 Шілде 2024, Сәрсенбі
Ойпырмай жеттікпей? Қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы 130 мың теңге болуы мүмкін
Комментарии (0)



