Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Қоғамда гендерлік теңдікті орнату әрбір азаматтың қолында.

Шымкент. Қоғамда гендерлік теңдікті орнату әрбір азаматтың қолында.

06 Қараша 2024, Сәрсенбі
23
0
Гендерлік мәселеге тоқталсақ, қазіргі кезде көп отбасыларда дәл осы проблема кездесіп жатады қателеспесем. Алайда оны көп отбасы шешкісі келмейді, керісінше, оны одан сайын өршітіп жатады, ендіше ойлана отырсақ. Көп отбасындағы яғни әйелі мен күйеуі бір-біріне бой бермей, керісінше бой бермей жатады, бір-бірін түсінгісі де келмейді.

Жалпы қазіргі таңда гендерлік саясат Қазақстанда ауқымды мәселелердің қатарына кіреді. Қоғамдағы ерлер мен әйелдер теңсіздігі елімізден көрініс тауып келе жатқанына ғасырлар өтсе де, XXI ғасырдан бастап бұл дүние қоғамдық мәселе ретінде қарастырылып отыр.
Елімізде болып жатқан мәселелерге тоқталсақ. Біріншіден, әйелдер қауымы жақсы оқу орнын тәмамдап, іскер адам болса да, біздің қалыптасқан менталитет бойынша не үйде отыру керек немесе ер адамнан аз ақша тауып, бір саты төменде тұру керек. Бұл қалыптасқан пікірді жою әзірге мүмкін емес. Екіншіден, көп ер адамдар әйелдерін қорқытып немесе қол жұмсауға дейін барады. Бұл арқылы әйелдер қауымы қоғамнан шеттетіліп, қоғам тынысынан алшақтауда.
Көзге көрінбейтін оқиғалар қоғам мәселелерін ушықтыруда. Тек қорғалды немесе шығарылды деген заң болмаса, іс жүзінде әйелдер теңдігі үшін атсалысып жүрген жандар аз. Көптеген әйелдер әлі күнге дейін өздерін қорғайтын жандардың немесе заң жүйесінің бар екеніне сенбейді. Тек үйінде балалары мен отбасының жағдайын жасаса, сол нәрсеге шүкіршілік етіп отырады.
Бұл дүниені кейде өзіміз құрастырып аламыз. Бар дүниеге сенбеу, өзімізді төмен санау, қара жұмысқа жегу немесе тек үй тірлігімен айналысу – бұл негізінде санада қалыптасқан қате ойлар. Зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқан әрбір әйел іскер адам немесе басшы болуға лайықты. Қазіргі таңда сол дүниелер айқын көрініс табуда және бұл жақсы жетістік.
Түптеп келгенде, әрбір әйел адам өз отбасында қыз ретінде төрге шығарылған қонақ болған. Қазақ салт-дәстүрінде де қызды сыйлаған. Қазақ қыздары тіпті жауға шауып, батыр болған. Әйел ер адаммен теңдес тіршілік иесі. Ер адам қандай мүмкіндікке ие болса, әйел заты да солай. Ер адамдарды күшке ие қылып жаратқаннан кейін, оны пайдалы дүниеге жұмсау керек.
Көбінесе ер азамат бар ашуын әйел затынан алады. Сондықтан зорлық-зомбылық өте көп. Бұл мәселелердің шешу жолдары: әйел адамдарға білім алуға, экономикалық табысқа жетуге, көшбасшылығын қолдауға және шағын шаруашылықтарын кеңейтуге мүмкіндік беру. Зорлық-зомбылық пен жыныстық зорлық-зомбылықты, ерте жаста күштеп тұрмысқа беруді тоқтату. Әйелдердің құқығын қорғау, заңды күшейту және ер адамдардың психикасымен жұмыс жасау.

Гендерлік теңсіздікпен күресудің осы жолдары бүкіл әлемдегі әйелдер мен қыздарға өздерінің әлеуетін толық ашуға және гендерлік теңдікке қол жеткізуге көмектесу үшін өте маңызды. Қоғамда гендерлік теңдікті орнату әрбір азаматтың қолында. Ерлер мен әйелдер үздік болу үшін өздерін еркін сезінуі керек. Бізге адам жынысын екі қарама-қарсы идеалдар жиынтығы ретінде емес, кеңірек қабылдайтын кез де келді.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать