Қазақстандағы тұрғын үй саясаты тұрғын үйді жалға алу, сатып алу-сату, тұрғын үй құрылысындағы келісімдер мен мәмілелердің заңды болуы үшін құқықтық реттеулерді де қамтиды.
Қазақстандағы тұрғын үй саясаты тұрғын үйді жалға алу, сатып алу-сату, тұрғын үй құрылысындағы келісімдер мен мәмілелердің заңды болуы үшін құқықтық реттеулерді де қамтиды. Жергілікті билік органдары тұрғын үй мен жылжымайтын мүлікті басқарудың дұрыс жолдарын анықтап, заңсыз құрылыс пен заңсыз жер пайдалану мәселелерін шешуге тырысады.
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 11 айда 10,3%-ға өсіп, 6,9 трлн теңгеге жетті.
2024 жылдың соңына дейін рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қараша айында жаңа үйлердегі 1 шаршы метрдің орташа бағасы 499 257 теңге болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қараша айында жаңа үйлердегі пәтерлердің бағасы қазанмен салыстырғанда 0,4%-ға өскен. Алайда баға тек бірнеше қалада өзгерген. Көптеген өңірлерде жағдай тұрақты. Астанада пәтерлердің бағасы 3,8%-ға, Алматыда 1,9%-ға, Шымкентте 7,2%-ға өсті. Бағаның өсуі немесе тұрақтылығы өңірлердегі экономикалық жағдайға байланысты. Бұл көрсеткіштер тұрғын үй нарығының өзгеруін түсінуге мүмкіндік береді.
Тұрғын үйді бөлу, тіркеу күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жалға берілген тұрғын үйді жекешелендіру саясатының арқылы 50 мың азамат баспаналы болатынын айтты.
"Тұрғын үй саясатын реформалау шеңберінде, жергілікті атқарушы органдардың есепке қою, және үйлерді бөлу функцияларын ұлттық даму институты Отбасы банкіне беруді көздейтін заң қабылданды. Бұл саясат тұрғын үй алуды қол жетімді етеді", — деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, тұрғын үйді бөлу, тіркеу күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады. "Бұл ең алдымен ұзақ уақыт бойы кезекте тұратын азаматтарды үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға жалға берілген үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Бұл норма биыл 4 желтоқсанда күшіне енді. Осы шараның арқасында 50 мыңнан астам азамат үйлі болады. Жалпы реформалау бойынша қарастырылған жаңа өзгерістер келесі жылдың мамыр айында күшіне енгелі отыр", — деді ведомство басшысы.
Отбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимова келесі жылдан бастап "Наурыз" ипотекалық бағдарламасына өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz. Қазіргі кезде бұл бағдарламаға қатысу үшін салымшының есепшотында кем дегенде 1 млн теңге болуы шарт. Бірақ ипотека рәсімдегенде баспана бағасының 20 процентін алғашқы жарна ретінде құю қажет. "Біз бағдарлама қатысушысына алты ай береміз. Осы уақыттың ішінде алғашқы жарнаны табу қажет. Бірақ бір мәселе туындады, адамдар алғашқы жарнаға қажетті ақшаны таппай жатады. Ал кезекте осы соманы құя алатын адамдар бар",-деді Ибрагимова үкіметте өткен брифингте. Осыған байланысты Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасына өзгеріс енгізеді. Оған сәйкес, салымшының есепшотында кем дегенде 1 млн теңге емес, 2 млн теңге болуы шарт. Бұл талап келесі жылдан бастап енгізіледі.
Биыл мемлекеттік қолдау есебінен 22 мыңнан астам жалға берілетін пәтер сатып алуға 330 млрд теңге қарастырылып, әкімдіктерге 305 млрд теңге аударылды. Жыл соңына дейін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен 165 млрд теңге сомасында 10 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. 2% және 5% бойынша жеңілдетілген ипотекалық қарыздар есебінен бүгінгі күні 94,5 млрд теңге сомасына 7 861 қарыз берілді. Тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік желілерді тартуға 83 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың мамыр айынан бастап «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. 2024 жылға 300 млрд теңге сомасына 12 мың қарыз беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 172 млрд теңгеге 6 мыңнан аса қарыз берілді.
Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс саласындағы негізгі жетістіктер туралы баяндады. Бүгінгі таңда оның үлесі еліміздің жалпы ЖІӨ-нің 5,6%-ын құрайды. Салада 667 мыңнан астам адам жұмыс істейді, 53 мыңға жуық кәсіпорын қызмет етеді, оның 2 903-і құрылыс материалдарын өндіреді.
Министрдің айтуынша, биылғы 11 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9 трлн теңгеге жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға артық. 2024 жылдың соңына дейін рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қараша айының қорытындысы бойынша 16,3 млн шаршы метр тапсырылды, жыл соңына дейін тағы 1,7 млн шаршы метр пайдалануға беру жүргізілуде.
«Салаға қаражатты инвестициялаудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін министрлік тұрғын үй құрылысын ынталандыру бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады. Осы жылы барлық көздер есебінен аталған мақсаттарға шамамен 965 млрд теңге жоспарланған, бұл 160 мыңнан астам азаматтың 41 мың жаңа пәтерге қоныстануын қамтамасыз етеді. Мұқтаж азаматтарға қолжетімді құралдарды ұсынуға ерекше көңіл бөлінеді», — деді Қанат Шарлапаев.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
04 Қазан 2024, Жұма
Шымкент. Қазақстандағы тұрғын үй саясатының негізгі мақсаттары — халықтың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету, экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету.
06 Қазан 2024, Жексенбі
Шымкент. Тұрғын үй мәселесі — қоғамның маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларының бірі.
Комментарии (0)