Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Қазақстандағы тұрғын үй саясатының негізгі мақсаттары — халықтың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету, экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету.

Шымкент. Қазақстандағы тұрғын үй саясатының негізгі мақсаттары — халықтың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету, экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету.

31 Қазан 2024, Бейсенбі
16
0
Тұрғын үй саясаты — мемлекет тарапынан азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй нарығын реттеу және әлеуметтік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешені. Қазақстандағы тұрғын үй саясатының негізгі мақсаттары — халықтың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету, экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету.

Мұқтаждарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің әр түрлі тәсілдері бар: жеңілдікпен ипотека, коммуналдық тұрғын үйлерді нарықтық бағадан төмен бағамен жалға беру, жеке сектордағы тұрғын үйді жалға беруді субсидиялау. Олардың барлығының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мысалы, жеңілдетілген ипотека табысы төмен адамдар үшін қолжетімсіз болып қала береді. Америка Құрама Штаттарында жүргізілген зерттеулер бойынша, мұқтаж жандарға тұрғын үйді жалдау ақысын төлеуге болатын жолдамалар түріндегі субсидиялар беру әлеуметтік тұрғын үй салудан тиімдірек болып саналады. Дегенмен, жеке нарықта клиентті жалға беруші таңдайды, сондықтан жұмыссыздар немесе жаңадан келген азаматтар субсидия алған күннің өзінде жеке секторда тұрғын үйді әрдайым жалға ала алмайды.

Қазақстан Республикасында тұрғын үй саясатының негізгі элементтері мыналарды қамтиды:
  1. Тұрғын үй құрылысын ынталандыру: Мемлекет тұрғын үй құрылысын жандандыру мақсатында әртүрлі бағдарламалар мен жобаларды әзірлейді. Жеке және көп қабатты үйлердің құрылысын жеделдету, инфрақұрылымды дамыту және құрылыс нормалары мен стандарттарын жаңарту маңызды.
  2. Әлеуметтік тұрғын үй бағдарламалары: Әлеуметтік әлсіз топтарға, жастарға, көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге арналған арнайы бағдарламалар енгізілген. Мысалы, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша арзан несие, субсидия, жалға берілетін тұрғын үйлер ұсынылады.
  3. Ипотекалық несиелеу жүйесі: Тұрғын үй сатып алуды жеңілдету үшін ипотекалық несиелеу жүйесі дамыды. Халыққа қолжетімді пайыздық мөлшерлемелермен несие алу мүмкіндігі берілген, бұл тұрғын үй сатып алуға ынталандырады.
  4. Нарықтық бағаны тұрақтандыру: Тұрғын үй нарығындағы бағаны тұрақтандыру, жалға беру шарттарын реттеу, тұрғын үй сапасын бақылау мақсатында заңнамалық және нормативтік актілер қабылданады.
  5. Экологиялық таза және энергия тиімді үйлер: Тұрғын үй саясаты экологиялық таза және энергия тиімді үйлердің құрылысын ынталандыруға да бағытталған.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать