Байланысқа арналған телефондар:
» » 1) ТҮРКІСТАН: Төлебиліктер форель шаруашылығын дамытып жатыр

1) ТҮРКІСТАН: Төлебиліктер форель шаруашылығын дамытып жатыр

24 Қантар 2025, Жұма
1 515
0
ТҮРКІСТАН: Төлебиліктер форель шаруашылығын дамытып жатыр

  Төлеби ауданында балық шаруашылығының қарқынды дамуы аймақтың ауыл шаруашылығында жаңа мүмкіндіктер ашуда. Қазіргі таңда 16 кәсіпкер осы салада өз кәсіптерін дөңгелетіп, аудан экономикасын әртараптандыруға үлес қосуда. Былтыр 4 кәсіпкер өз қаржысымен балық шаруашылығын ашып, өнім өндіруде.
  Олардың бірі – «Сарсенов Сакен» ЖШС, Киелітас ауылдық округінде 0,14 гектар жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап, 1500 сазан, 500 ақ амур және 5000 дөңмаңдай балықтарын өсіруде. Сонымен қатар, кәсіпкер демалыс аймағын да құрылысын аяқтап, пайдалануға берген.
  Екінші бір кәсіпкер, Исмаил Абдуллаев, 0,20 гектар жерге арнайы тоған жасап, 4000 сазан және 6000 тұқы балығын өсіруде. Ал таулы аймақ кәсіпкерлері, Жұмағали Қияқов пен Олжас Сұлтанқұлов, Қаратөбе ауылдық округінде 3000 дана форель және 10 мың дана форель балығын өсіріп, нарықта сұранысқа ие балық түрлерін өсіруде.
  Қызыл балық тұқымдас форельдің бағасы жоғары әрі сұраныс көп, сондықтан кәсіпкерлер арнайы шабақтар алып, оларды қоректендіріп өсіруде. «Шымкентбалық» ЖШС Бірінші Мамыр ауылдық округінде 2 гектар жерге форель балықтарын өсіру үшін бассейн жасап, жылына 300 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.
  Бұл үрдіс Төлеби ауданында балық шаруашылығын дамытуға ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартуға және өңір экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать