Байланысқа арналған телефондар:
» » Қуатты өңірлер — Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуының драйверлері болып табылады.

Қуатты өңірлер — Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуының драйверлері болып табылады.

11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
41
0
 Қуатты өңірлер — Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуының драйверлері болып табылады. Олар елдің барлық аймақтарында экономикалық өсімнің, әлеуметтік тұрақтылықтың, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы мен инфрақұрылымның дамуына оң әсер етеді. Қуатты өңірлер ел дамуының негізі бола отырып, бүкіл елдің тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Мемлекет өз тарапынан өңірлерді дамытуға арналған бағдарламалар мен шараларды қабылдап, әрбір өңірдің мүмкіндіктерін барынша пайдалану жолдарын іздеуде.

Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын. Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Ол тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіргенін айта кеткен жөн. Бұл оларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. Өйткені олар ұлттық жоба аясында бюджеттік қаржыландыруда басымдыққа ие. Өңірлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды шаралардың қажеттілігі бірнеше факторлармен айқындалды. Мысалы, 2021 жылға қарай 1 миллионнан астам қазақстандық сапалы ауыз суды қажет етті, 53 қалаға кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту және салу қажет болды. Ірі қалалардың шеттерін ретке келтіру, нөсерлі кәріздерді қайта жаңғырту, «ескі кварталдарды» жаңарту және апатты тұрғын үйлерді бұзудың өзекті мәселелері де шешуді талап етті. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымының әлсіздігі экономикалық өсуге айтарлықтай кедергі болды. Осыған байланысты Ұлттық жобаны екі бағытта жүзеге асыру туралы шешім қабылданды: Негізгі қызметтерге деген қолжетімділік; көлік байланысын қамтамасыз ету.
Жобаның бірінші бағыты – инфрақұрылымды кешенді дамытып, сапалы әрі жайлы тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыруды көздейді.
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметов:
– 10 ұлттық жобаның ішінде ең маңыздысы – 2021-2025 жылдарға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы. Ұлттық жоба бұған дейін үш мемлекеттік бағдарламада болған бағыттарды біріктіреді. Мемлекеттік бағдарламалардан айырмашылығы, ұлттық жобалардың форматы неғұрлым ықшам, талдаусыз, бірінші кезекте бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз етілген нақты іс-шаралар. Күтілетін нәтижелер ұлттық жоба кестесіне сәйкес тиімділік көрсеткіштерімен өлшенетін болады. Ұлттық жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында да көрініс тапқан №10 Ұлттық басымдықты айқындайды. Ұлттық жобаның мақсаты – халықтың негізгі қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көлік байланысын қамтамасыз ету және көліктік-транзиттік әлеуетті арттыру арқылы азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, – деп пікір білдірді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің экс вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев:
– Базалық инфрақұрылымды кешенді дамыту шеңберінде: 5,3 мың км су құбыры және су бұру желілерін салу және қайта жаңарту; 175 км нөсерлі кәріз желілері мен арықтар; 220 біріктірілген блоктық модульдер мен 2407 жалпы үй жылу және су есептегіштерін орнату; тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңарту бойынша 11 жобаны іске асыру. 3 іс-шара бойынша өңірлердегі жобаларды аяқтау негізінде жоспарланған көрсеткіштердің нәтижелері қалыптасады. Бұл ретте әкімдіктердің жедел мәліметтері бойынша 10 айдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен. 262 шақырым нөсер және арық желілері қалпына келтірілді, бұл жоспардың 149 пайызын құрайды, – дейді.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырудың азаматтар үшін ең айқын әсері өмір сүру жайлылығының артуы болмақ. Бұл негізгі көліктік, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы. 2025 жылға қарай маңызды нәтижелердің бірі –қаржыландырудың барлық көздерінен 236,7 мың отбасының жағдайын жақсарту болмақ. Қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ауылдық жерлерде тиімдірек болады. Өйткені қазір «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымның барлық түрлерін жаңғыртуға қомақты инвестициялар бағытталуда. Жалпы қалаларда инфрақұрылымның жағдайы жақсырақ. Бірақ сонымен бірге ірі қалалардың шеттерін жайластыру, нөсерлі кәріз құбырларын қайта құру, «ескі орамдарды» жөндеу және апатты (тозығы жеткен) тұрғын үйлерді (251 үй) бұзу секілді өзекті мәселелері шешілетін болады.
Айта кетейік, 2022 жылы ұлттық жобаны жүзеге асыруға 1,8 триллион теңге жоспарланған болса, оның 709 миллиарды бюджеттен тыс қаражат болды. Бұл ретте былтырғы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 528 млрд теңге немесе 30%-ы игерілген.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать