Шымкент. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері" ұлттық жобасы 2021 жылы іске қосылды.
"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері" ұлттық жобасы 2021 жылы іске қосылды. Бұл жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіріп, оларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. Өйткені, бұл бағдарламалар ұлттық жоба аясында бюджеттік қаржыландыруда басымдыққа ие болды.
Өңірлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды шаралар бірнеше факторлармен айқындалды. 2021 жылға қарай 1 миллионнан астам қазақстандық сапалы ауыз суға мұқтаж болды, ал 53 қалада кәріздік тазарту құрылғыларын жаңғырту және салу қажет болды. Ірі қалалардың шет аймақтарын ретке келтіру, нөсерлік кәріз жүйелерін қайта жаңғырту, ескі кварталдарды жаңарту және апатты тұрғын үйлерді бұзу мәселелері де өзекті еді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымының әлсіздігі экономикалық өсуге айтарлықтай кедергі келтірді.
Жобаның басты бағыты – инфрақұрылымды кешенді дамыту және сапалы әрі жайлы тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру. Мемлекеттік бағдарламалардан айырмашылығы, ұлттық жобалардың форматы ықшам болып келеді, олар нақты іс-шаралармен және бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Жобаның тиімділік көрсеткіштері нақты ұлттық жоба кестесіне сәйкес өлшенеді.
Ұлттық жобаның басты мақсаты – халықты негізгі қызметтерге тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері" ұлттық жобасын жүзеге асырудың азаматтар үшін ең айқын әсері – өмір сүру жайлылығының артуы болады, әсіресе ауылдық жерлерде тиімдірек болмақ. Ауылдарда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымды жаңғыртуға қомақты инвестициялар бағытталуда.
Қорытындылай келе, жобаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай елімізде ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп, қалаларда сарқынды сулар 100% тазартылатын болады. Сонымен қатар, инженерлік желілердің тозуы 55%-дан 47%-ға дейін төмендейді. "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында ауылдарда 12 мың шақырым инженерлік желі, 10 мың шақырым ішкі жолдар және 1,5 мың әлеуметтік нысандар салынып, жөнделеді. Бұл шаралар өңірлердің дамуын жеделдетіп, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қоспақ.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірледі.
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірлеген болатын.
10 Қазан 2024, Бейсенбі
Шымкент. Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын.
Комментарии (0)