Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірлеген болатын.

Шымкент. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірлеген болатын.

09 Қазан 2024, Сәрсенбі
37
0
  Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірлеген болатын. Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Ол тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіргенін айта кеткен жөн. Бұл оларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік берді.  Өңірлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды шаралардың қажеттілігі бірнеше факторлармен айқындалды. 

 Ұлттық жобаның жалпы мақсаты- халықтың базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды, көліктік байланыстылықты жақсарту және халықтың ұтқырлығын арттыру болып табылады. Ұлттық жобаны іске асыру  екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: Базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу мен
көліктік байланыстылықты қамтамасыз ету.

 Базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу инфрақұрылымды кешенді дамыту және жайлы тұрғын үй бағыттарынан тұрады. 
Инфрақұрылымды кешенді дамыту 16 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және 1163 көп пәтерлі тұрғын үйді жөндеу бойынша бюджеттік кредит беруді болжамдайды. Сапалы және жайлы тұрғын үйдің қолжетімділігі 103 млн.шаршы метр жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру және азаматтарға жеке құрылыс салу үшін бөлінетін 235 мың жер учаскесін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету есебінен арттырылатын болады.

 Ұлттық жобаның екінші бағыты көліктік байланыстылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыт 2 міндетті қамтиды:
- ішкі көлік желісін дамыту;
- аумақтардың сыртқы байланыстылығын арттыру.
 
Қорытынды:
Ұлттық жоба «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іс-шараларын қамтиды. Ұлттық жобаны іске асырудың әлеуметтік әсері инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу және тұрғын үй мәселелерін шешу есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей байланысты.
2025 жылға қарай маңызды нәтижелердің бірі –қаржыландырудың барлық көздерінен 236,7 мың отбасының жағдайын жақсарту болмақ. “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы арқылы Қазақстанның өңірлік айырмашылықтарын теңестіріп, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылату, экономика мен әлеуметтік саланы дамыту жоспарланып келеді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать