Байланысқа арналған телефондар:
» » «Абай ауданының 2024 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы»

«Абай ауданының 2024 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы»

08 Қазан 2024, Сейсенбі
1 730
0
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай ауданының әкімі  Сұлтанхан Шәкір Асылханұлының «Абай ауданының 2024 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті.

Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы:
Абай ауданының 2024 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштер

Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй,  220 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар. 
Бүгінгі таңда ауданды инфрақұрылым жүйелерімен қамту көрсеткіші келесідей. 
  • Ауыз су - 100% қамтылған;
  • Электр жарығымен - 100% 
Табиғи газбен қамту

Табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған ол 85,2% құрайды. Қамтылмаған елді мекендер саны – 4, ол 14,8% құрап отыр.
Анықтама үшін: 
            Бүгінгі таңда 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ тұрғын алабы-95%, Қайнарбұлақ саяжайы-80%, Ынтымақ-2 шағын ауданы - 70% Тәуелсіздікке-20 жыл тұрғын алабында - 60% құрылысы аяқталған. 
Аталған 4 елді-мекенде газ жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтау 2024 жылдың соңына жоспарланған.
Кәрізбен қамту

        27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған.
        2023 жылдан бері 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:
  • Достық шағын ауданының ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталды.
  • Асар-2 шағын ауданыныда құрылыс жұмыстары басталып, сот шешіміне сәйкес тоқталған.
  • Бозарық шағын ауданындағы 74 га көп қабатты тұрғын үйлер аумағына кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды.
  • Ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын Шымсити-Төлеметов колектордың құрылысы 2025 жылға өтпелі.  
  • Ұзындығы 20,5 шақырымды құрайтын Тұран-А-2 тас жолы колекторының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.
2025-2026 жылдарға 8 нысанға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Атап айтқанда:
1. Жайлау
2. Қатын көпір
3. Тельман
4. Ақниет
5. Қызылжар
6. Жиделі
7. Батыс
8. Ынтымақ
Нәтижесінде 2026 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі. 
Жол

Аудан аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды, атап айтқанда:
       - асфальт жол - 573 шақырым (48,5%);
- тас жол – 450,2   шақырым (25,7%);
- топырақ жолдар –57 шақырым (2,8%) 
Асфалт мәселесі
2023 жылы 3,1 млрд.тг  57 көшеге 68,2 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.  
2024 жылы 4,3 млрд.тг  74 көшеге 60,1 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Көшелерді жарықтандыру

2023 жылы Абай ауданындағы 13 көше жарықтандырылып, жарықтандырылған көшелер саны                     193-қа жетті, қамту көрсеткіші 15,1 пайызды құрады.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 254 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 1,2 млрд.тг қаржы қаралды. Жұмыстар қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда. Мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС.
Аудан тарапынан атқаралып жатқан жұмыстар

Жалпы Абай ауданы әкімі аппаратына қаралған қаржы көлемі 3 887,6 млн.теңге. 
Оның ішінде; мекемені күтіп ұстау шығыстары, мерекелік іс-шаралар, елді мекендерді абаттандыру, балалар алаңшасын салу, ашық спорт алаңшасын салу, гүлзар салу, қоқыс алаңшасын орнату, аяқ жол салу, мерекелік безендіру, көшелерді жарықтандыруға, мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларына, коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысына қаржылар қаралған. 
Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 22 жоба оның ішінде, 20 балалар алаңшаның 18-і және 2 спрот алаңшасы салынып пайдалануға берілді.иЖалпы қаралған қаржы – 491,2 млн.тг. 

Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 1 гүлзар Жиделі шағын ауданына салынуда. Жоба құны – 76,1 млн.тг.

Сонымен қатар, 15 мың шаршы метрге 22 көшеге,                  15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. 
Аудан аумағына 20 қоқыс алаңшасын  орнату және орталық көшелерге 363 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн.тг қаржы қаралып, бүгінгі таңда жұмыстар аяқталған.
Аудан аумағында мерекелік безендіруге 130,0 млнт.тг, бөлініп, мереке қарсаңында тиісті безендірулер орнатылуда. 
9 нысанға ирригациялық жүйелер орнатуға – 443,7 млн.тг. қаржы қаралып, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жұмыстар атқарылуда. Мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС.
«Таза Қазақстан» акциясы 

Абай ауданы бойынша = «ТАЗА ӨЛКЕ», «КИЕЛІ МЕКЕН», «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ», «ЖАСЫЛ АЙМА»Қ, және «МӨЛДІР БҰЛАҚ» акциялары аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырылды
  • Тазаланған аймақтар: Асар ш/а, Шымсити ш/а, А.Асқаров атындағы Дендросаябақ, Қызылжар т.а, Игілік т.а, Көкбұлақ т.а, Алтынтөбе т.а және Бәйдібек би даңғылы мен А-2 тас жолы, Қошқар ата, өзені, жалғызлікті қариялардың үй аулалары т.б. аумақтар.
  • Жұмылдырылған техника саны – 2170 арнайы техника
  • Жұмылдырылған адам саны – 56 мыңнан астам адам
  • Тазаланған көше бойының көлемі – 540 шақырым
  • Тазаланған аяқ жолдар көлемі – 184 шақырым
  • Әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілген ағаш саны – 5400 дана
  • Шығарылған қоқыстардың мөлшері – 1760 тонна
  • Тазаланған ирригациялық жүйелер көлемі – 124 шақырым
  • Тазаланған жуылған аялдамалар саны – 430 дана
  • Сырланған орындықтар, аялдамалар – 68  дана
  •  Тарихи-мәдени,ескерткіштер – 2 дана
Әлеуметтік көмек

Аз қамтылған отбасыларға, мүгедек күтуші, қолайсыз отбасыларға, тыл ардагерлеріне, пробация есебінде тұрған азаматтарға, жеке қабылдауға келген азаматтарға білдірушілерге демеушілер есебінен 659-ден астам отбасыға азық-түлік түрінде көмек берілді, - деп аяқтады өз баяндамасын Шәкір Сұлтанхан мырза.

Тілші: Бахытжан Копбаев
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать