Байланысқа арналған телефондар:
» » Таза ауыз судың маңыздылығы және Шымкент қаласындағы даму қадамдары

Таза ауыз судың маңыздылығы және Шымкент қаласындағы даму қадамдары

11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
39
0
Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Қазіргі таңда әлемдегі әрбір үшінші адам суға деген қажеттілігін қажетті деңгейде пайдалана алмай отыр. Су тапшылығының адам денсаулығына, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне және халықаралық қатынастардың дамуына әсері бар. Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Елімізде 20 пайыз адам таза ауыз суға тапшы болып отыр.

Сапалы таза ауыз судың адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Күнделікті тұтынуда орталықтандырылған су жүйесінен келетін суды пайдалану қажет. Өйткені орталықтандырылған су жүйесінен келетін судың сапасы әрдайым тексеруден өтіп, бақылауда болады. Егер орталықтандырылған су болмаған жағдайда құдықтан, жергілікті су көздерінен алатын суды қайнатып немесе фильтрден өткізіп ішу керек.
2023 жылы Шымкент тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтылады. Шымкент қаласындағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендері ауыз суды кестемен тұтынады. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында биыл 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар: Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Нұртас ВС, Текесу елдімекені, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумақтары және Қайнарбұлақ елдімекені. Ал, Сайрам елдімекенінде құрылыс жұмысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр.

Құрылыстың нәтижелері мен болашақ жоспарлар

Бүгінгі таңда Құрсай елдімекенінде екі кезеңнен тұратын жобаның 80 пайыздан астам құрылыс жұмыстары аяқталып, 270 шақырым су құбыры орнатылды. Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су құбырын тарту құрылысы 2023 жылға өтпелі. Осы жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99%-ға жетеді. Жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады.
Президент Қ.Тоқаевтың 2025 жылға дейін ауыл халқын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындап шығу Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттың бірі болып отыр. Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Ағымдағы жағдай және жақын болашақтағы өзгерістер

Қалада қазіргі таңда, 81 елдімекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 1 елдімекен кестемен (Құрсай) қамтамасыз етілуде. 2022 жылы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елдімекен ауыз суды кестемен тұтынып келген болатын (Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алаптары). 2022 жылдың қорытындысымен қалада ауыз су бағыты бойынша барлығы 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елдімекенінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылды және қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жеткізу көзделді.
2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд. теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елдімекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған. Нәтижесінде, 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай, елдімекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті.

2024 жылға арналған жоспарлар

2024 жылы Құрсай, Қайтпас-1, және Бозарық тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен толық қамту жоспарлануда. Осыған орай, елдімекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100% құрайды. Мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылуы 94,7 пайызды құрайды. Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 3 магистралды су аққы мен 17 ішкі орамның құрылысы мен 8 ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге дейін 6 тұрғын алапта құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 мыңға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамту үшін абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыс ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін аяқталады. Олардың қатарында Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ, Қызылжар, Азат шағын ауданы, Бадам шағын ауданы, 195-орам, Тассай шағын ауданы (1 кезек) бар.

Қорытынды

Жыл соңына дейін Достық ш/а, Игілік, Жаңаталап, Бадам, Бадам-2, Тұран шағын ауданының солтүстік-шығыс бөлігі және Достық тұрғын алабына инженерлік жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз жүйесіне қосылады. Бұдан өзге ұзындығы 28,3 км құрайтын «Ахунбабаев-Көкбұлақ» және 6,88 км құрайтын «Тұран» магистралды су құбырлары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жыл қорытындысы бойынша, ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 94,7 %-дан 95,6 %-ға өседі.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать