Байланысқа арналған телефондар:
» » «Әлеуметтік әмиян» жобасы – халықты қолдаудың неғұрлым әділетті және заманауи жүйесін құруға бағытталған қадам.

«Әлеуметтік әмиян» жобасы – халықты қолдаудың неғұрлым әділетті және заманауи жүйесін құруға бағытталған қадам.

13 Желтоқсан 2024, Жұма
41
0
Шымкент қаласында 2023 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің динамикасы оң нәтиже көрсетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 952,2 млрд теңгені құрап, 2,1 пайызға ұлғайды.
Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 100,7 %. Инвестиция көлемі 622,1 млрд теңге құрап, 21,3 пайызға артты.Өсім көпқабатты тұрғын үйлердің, жекеменшік мектептердің, әуежайдағы жолаушылар терминалының құрылыстарына, құрал-жабдық сатып алуға, өндіріске бағытталған инвестициялар есебінен қалыптасты. Құрылыс жұмыстарының  көлемі 184,3 млрд теңгені,  немесе 104,5 пайызды құрады. Бюджеттен биылға 222 нысанның құрылыс жұмыстарына  190,7 млрд.тг. қарастырылған. 

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 826,9 мың шаршы метр немесе 110,6 пайыз құрады. Оның ішінде халық есебінен жеке тұрғын үй –  395,7 мың шаршы метр. Жұмыс орындарын құрып, халық табысының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр. Өңірдегі белсенді жұмыс істейтін азаматтар саны 468 мыңнан асты.
Биыл жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, жұмыспен қамту шараларына 45 мыңнан астам адам тартылып, 32 мыңға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылды (оның ішінде, жеке бастама – 18,3 мың адам, бос жұмыс орындарына – 13,4 мың адам).
Жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30 пайызға азайды (2023 ж. 10 айы – 12 108 отбасы, 2024 ж. 10 айы – 8 511 отбасы). Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан 4,8 пайызға төмендеді (РК – 4,6 пайыз, Шымкент қ. 3 орын).
Экономикалық көрсеткіштердің өсімі халықтың өмір сапасына тікелей әсер етіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, Шымкент қаласы жалақы мөлшері төмен өңірлер қатарына жатады (Шымкент қ. 16 орында, Жамбыл облысы 17, Түркістан облысы 18, Солтүстік Қазақстан облысы 19, Жетісу облысы 20).
Осы ретте, өңірдегі жалақыны арттыру бағытында жүйелі шаралар қабылдануда. Жергілікті бюджеттен 15 мыңға жуық еңбекақысы төмен азаматтық қызметшілердің жалақысын қосымша 50 мың теңгеге көтердік. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді.
Нәтижесінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық бюджеттік қызметкерлердің жалақысы 140 мың теңгеден асты. Қазіргі таңда, өңірдегі орташа жалақы көлемі 12,5 пайызға өсіп, 304 мың теңгеге жетті. Мәдениет саласында да ілгері жылжу бар. Қалада халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізілетін көпфункционалды 2 066 орындық Конгресс холл пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен қала орталығынан шалғай орналасқан 4 елді мекенде жаңа мәдениет үйлері іске қосылды. Мегаполистің мәдени өмірін жандандыру және тұрғындардың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, саябақтар мен мәдениет үйлерінде «Шымқала кештері» мерекелік іс-шаралары өткізіліп келеді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының» 95 жылдығына орай, IХ Орталық Азия елдерінің халықаралық театры фестивалі өтіп, оған 7 мемлекеттің белгілі театр өкілдері қатысты.
Қаладағы өзекті мәселенің бірі – көше атауларын беру. Мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келген.Көмек көрсету қызметтерін шақыру кезінде көше атауларының болмауы қиындықтар туғызған. Осыны ескеріп, атаулары қайталанатын және идеологиялық тұрғыдан ескірген 377 көшеге, 6 шағын аудан, 1 саяжай және 1 аллеяға атау бердік.
Әлеуметтік көмек алушылар үшін ыңғайлылық пен қарапайымдылық тудыратын жобаның негізгі мақсаты – атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар үшін газға жеңілдік қолдану процесін жеңілдету.
Пилоттық жоба бес ай бойына жүзеге асырылып, тауарлық газға жеңілдіктер беру процесін цифрландыру және бюрократиядан арылту, табысы төмен азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайту мәселелерін шешеді деп күтілуде. Егер жоба нәтижелі болса, одан әрі ол цифрландырылуға және өзге өңірлерге де бағытталмақ.
Ваучер іске қосылғаннан кейін келесі айда жеңілдік сомасы берілген түбіртекте және «Әлеуметтік әмиян» қосымшасында көрсетіледі.
Айта кетейік, «Әлеуметтік әмиян» жобасы – халықты қолдаудың неғұрлым әділетті және заманауи жүйесін құруға бағытталған қадам. Біз бұл жобаның сәтті жүзеге асырылуы оның ауқымын кеңейтуге негіз болады және Қазақстан азаматтарының өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосады деп сенеміз.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать