Байланысқа арналған телефондар:
» » ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің 2022 жылдың әлеуметтік-даму қорытындысын жасады.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің 2022 жылдың әлеуметтік-даму қорытындысын жасады.

13 Желтоқсан 2024, Жұма
59
0
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің 2022 жылдың әлеуметтік-даму қорытындысын жасады. Жиын барысында премьер-министр Шымкентте барлық сала бойынша оң өсім сақталып тұрғанын және атқарылуға тиіс межелерді орындауда елімізде көшбасшы өңірлер қатарында екенін атап өтті.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1 073,6 мың шаршы метр немесе 106,1 пайыз болды.
Жалпы сауда көлемі 2 057,4 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 13,3 пайызға артты.
Жалпы көлік көлемі 323,3 млрд. теңге болып, 109,5 пайызды құрады.
Байланыс қызметі 8,3 млрд. теңгені немесе 105,9 пайызды құрады.

Биыл Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 5 жыл толды.  Осыдан бес — алты жыл бұрын қала аумағына инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі төмен 40-тан астам шалғай елді мекен қосылған. Одан бөлек, қаланың қажеттілігіне жетіспейтін инфрақұрылым, қоғамдық көлік мәселелері өзекті болатын, қазір бұл сұрақтар біршама шешімін тапты.

Көрсеткіштерге келетін болсақ, соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58мыңнан 110 мыңға дейін өсті, сонымен қатар қалаға 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд. теңгеден 613 млрд.теңгеге жетті. Макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім динамикасы бар. Ағымдағы жылдың 5 айында инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйалаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқан. Қалада спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром» құрылысы, «Металлург» стадионын реконструкциялау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін  бюджет есебінен ауысымына 250 баланы қабылдайтын  2 спорт ғимараты және жеке кәсіпкер есебінен «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.Биылғы жылы спорттық үйірмелермен жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы 19 мыңнан астам бала қамтамасыз етілді.

Шымкент 2018 жылы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болып, дамудың жаңа тарихи кезеңіне енді. Бүгінде Шымкент – Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан қаласы. Соңғы 5 жылда қала экономикасына 2,2 трлн теңге инвестиция тартылып, инвестиция көлемі 3,7 есеге өсті.

Қала аумағында орналасқан жалпы аумағы 1276 гектарды құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақта құрылыс материалдары, ауыр металлургия, шыны өндірісі, машина жасау, жиһаз өндірісі, фармацевтика және тоқыма өнеркәсібі саласында жалпы құны 225 млрд теңгені құрайтын 8,5 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, 293 жоба іске асырылды. Оның ішінде ірі жобаларға тоқтала кететін болсақ: «Тассай» индустриялық аймағында машина жасау саласында Орта Азияда баламасы жоқ жалпы құны 20,1 млрд теңгені құрайтын «Asia Trafo» ЖШС-ның трансформатор зауыты 2019 жылы құрылды. Сондай-ақ еліміздегі ең ірі кілем өндіретін зауыт «Бал Текстиль» ЖШС «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жобасын сәтті іске асырып келеді. Одан бөлек, «Оңтүстік» индустриялы аймағында орналасқан «QazAlpack» зауыты – Орталық Азиядағы алюминий қалбырлар өндіру бойынша бірегей жобаны іске асырған алғашқы компания.
Аталған жобалар қала бюджетіне 60,3 млрд теңге қаржы түсіріп, өнеркәсіптік аймақтарға кеткен 1 теңге бюджеттік инвестицияға 12,5 теңге жеке инвестиция тартылды. Cондай-ақ қаланың өнеркәсіптік өнім көлемі 1,9 есе өсті.

Келтірілген деректер қорытындысына сәйкес, Президент Жолдауында қойылған міндет – еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент қаласының 2024 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасып отыр.

Қоныс аударған қандастар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келген. Қоныс аударған 441 адам Өзбекстаннан, 1 адам Қырғызстаннан, 6 адам Ресейден және 2 адам Түркіменстаннан келген.
Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді, сонымен қатар сауда-саттықпен және басқада жалдамалы жұмыстармен айналысады.

Шымкентте 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және кіріктіру бойынша қызмет көрсету. Бүгінгі таңда 19 отбасынан 51 адам бейімдеу қызметін алып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобилді орталығына бүгінде 96 қандас жүгінген. Олардың ішінен 48 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда:
—14 адам тұрақты бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданған;
—3 адам жастар практикасына;
—3 адам қоғамдық жұмыс орындарына;
—9 адам алғашқы жұмыс орындарына;
—1 адам «Күміс жас» жобасына;
—18 адам «Бастау Бизнес» жобасы https://business.enbek.kz/kk шеңберінде оқуға тіркелген.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 



Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать