Қала әкімінің бастамасы бойынша биылдан бастап бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылданды.
Қала әкімінің бастамасы бойынша биылдан бастап бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Бұл шара Кәсіпкерлерге ашық жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал салықтың осы түрінен бюджетке түсетін түсімдер қазірдің өзінде 4,4 есеге ұлғайды.
Шымкенттің экономикасы жыл сайын тұрақты түрде өсіп, әр түрлі салаларда оң өзгерістер байқалады. Қаладағы индустриялық аймақтардың дамуы, жаңа өндіріс орындарының ашылуы, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің жандануы Шымкенттің экономикалық қуатын арттырып келеді. Мәселен, 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қала экономикасы 12%-ға өсті, құрылыс жұмыстарының көлемі 27%-ға артты, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2%-ға көбейді. Шымкентке тартылған инвестициялар да жоғары деңгейде, бұл қалада жаңа жұмыс орындарын құруға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.
Шымкенттің аграрлық саласы да экономикалық дамудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологиялар мен өндіріс орындары енгізіліп, өнімдердің ішкі және сыртқы нарыққа шығуы қамтамасыз етілуде.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске арналған жеңілдетілген салық режимі енгізіліп, жаңа индустриялық аймақтар мен кәсіпкерлік кластерлердің дамуы үшін жағдай жасалуда. Мысалы, “Жұлдыз” және “Бозарық” индустриялық аймақтарының құрылуы, сондай-ақ көлік логистикасы мен өндіріс саласындағы жаңа жобалардың іске қосылуы бизнеске жаңа мүмкіндіктер туғызды.
Шымкентте құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылы 27%-ға артты. Қаладағы жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, көлік инфрақұрылымы мен инженерлік желілердің құрылысы – экономикалық дамудың маңызды көрсеткіштері. 2024 жылы қалада 42% тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді, бұл қала халқының тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Қаржы басқармасының басшысы Р.Бақтыбаев мемлекеттік тіркеуден өтпеген, теңгерімге берілмеген нысандарға қатысты жүргілізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Айта кетейік, 2018-2024 жылдары аралығында 479 нысанның құрылысы аяқталған, оның ішінде 334 нысанның құжаттары ресімделіп мемлекеттік тіркеуден өткен, тиісті мекеменің теңгеріміне берілген. Ғ.Әбдімәжитұлы сала басшыларына мәселелерді заң шеңберінде қарастырып, бұл ретте әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды.
2024 жылы Шымкенттің экономикасына тартылған инвестициялар да көбейді. Қаладағы өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған мемлекеттік және жеке инвестициялар бюджетке қосымша кірістер әкелді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске жеңілдетілген салық режимі енгізіліп, бұл да бюджетке түсетін салық түсімдерін арттырды.
Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-ға төмендеді.
Шымкент каласының әкімі Ғабит Сыздызбеков Орталык коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі есеп беру кездесуінде экономикалық көрсеткіштердің халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Шымкент қаласы төмен жалақы деңгейімен белгілі өңірлер қатарына кіреді. Алайда, жалақыны арттыруға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатыр.
«Біз төмен жалақы алатын 15 мыңға жуық азаматтық, қызметкердің жалақысын 50 мың теңгеге арттырдық. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелерде ең төменгі жалақы 140 мың теңгеден асты. Қазіргі уақытта қаланың орташа жалақы мөлшері 12,5%-ға өсіп, 304 мың, теңгені құрады», - деді Fабит Сыздықбеков.
Мегаполис басшысы жұмыс орындарын кұру және халықтың табысын тұрақтандыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатканын жеткізді. Қалада белсенді жұмыс істейтін азаматтар саны 468 мыңнан асты. Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл 45 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланған, оның, ішінде 32 мың адам тұракты жумыска орналастырылды. Жумыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 30%-ға қысқарды, ал өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендеді.
Қорытындылай келетін болсақ, 2024 жылы қала бюджетінің кірістер көлемі айтарлықтай өсті, бұл негізінен салықтық түсімдердің артуымен байланысты болды. Шымкенттің кәсіпкерлік секторындағы белсенділік, инвестициялардың тартылуы және жаңа кәсіпорындардың ашылуы салықтық түсімдердің ұлғаюына ықпал етті.
Шымкент қаласы экономикалық даму бағытында жүйелі әрі тұрақты өсімді көрсетіп келеді. 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Шымкенттің экономикасы 12%-ға өскен, бұл республикадағы үздік көрсеткіштердің бірі болып табылады. Алдағы уақытта да қуатты экономикалық орталық ретінде дамуын жалғастыратыны сөзсіз.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
13 Желтоқсан 2024, Жұма
Шымкентте мәслихаттың жылдық қорытынды сессиясы өтті. 2024 жылы қаланың барлық экономикалық салаларында оң өзгерістер байқалды.
14 Желтоқсан 2024, Сенбі
Шымкенттің экономикалық және әлеуметтік дамуы айтарлықтай жетістіктерге жетіп, қаланың әрі қарай өркендеуі үшін қуатты негіз қалауда.
Комментарии (0)