"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдың 12 қазанында Үкімет "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасын бекіту туралы қаулы қабылдады. Аталмыш жобаның басты мақсаты – тұрғын үй құрылысын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жағдайды жақсарту, оңтайлы көлік байланысын қамтамасыз ету, көліктік-транзиттік әлеуетті арттыру, сондай-ақ халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы бұған дейін қабылданған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту, "Өңірлерді дамыту" секілді мемлекеттік бағдарламалардың басын біріктіргенін айта кетуіміз керек. Аталмыш жоба еліміздің өзге аймақтарындағы секілді Астана қаласында да азаматтарды тұрғын үймен, жылу және ауыз сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында №65 жалпы орта мектебіне барып, жаңартылатын энергия көздерін қолдану бойынша пилоттық жобаның іске асырылуымен танысты. Бұл – жаңартылатын энергия көздері орнатылған алғашқы мемлекеттік нысан. Өндірілген электр энергиясының артығы тарату желісіне сатылып, жеткізіліп отырады. Мұндай бастамаларды жүзеге асыру бюджет қаражатын үнемдеуге ғана емес, жасыл энергетиканы дамытуға да айтарлықтай серпін береді. Сонымен бірге қаланың әкімшілік-іскерлік орталығындағы Қаратау ауданы әкімдігі ғимараты құрылысының барысын тексерді. Нысанды келесі жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс барысын тексерген қала әкімі құрылыс басқарма басшысына жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Шаһар басшысы әуежайдағы жаңа терминал құрылысы мен Абай және Тұран ауданындағы А-2 автожол құрылысын да бақылады. Ондағы қайта құрудың сегізінші және бесінші кезеңдерін тексерді. “Осы аптада «Бозарық» шағынауданы бағытындағы айналма жолды көлік қозғалысына ашамыз. Аралау барысында құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасына қатысты бірқатар ескертулер айттым. Транспорт және автомобиль жолдары басқарма басшысына және мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді жедел түрде жоюды және айналма жол бойындағы, оның айналасындағы аумақты абаттандыруға назар аударуды тапсырдым»-деді, қала әкімі. Бұдан бөлек, Тұран ауданы, А-2 айналма жолы бойындағы «Қазығұрт» автостанциясының құрылыс жұмыстарымен танысты. Станция аумағында қалааралық автобустар мен көліктерге арналған автотұрақ салынатын болады. Осыған орай қала басшысы инвестормен кездесу барысында нысанды халықаралық стандартқа сай салу және іргелес аумақты көгалдандыруға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Ал жаңа автостанцияның ашылуы көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға, жолаушылар мен жақын маңдағы шағынаудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Бүгін Шымкент қаласында Қаратау ауданындағы 10 мыңға жуық халқы бар Бозарық тұрғын алабына газ берілді. Газ құбырының құрылысы 2023 жылы басталған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен әңгімелесу барысында газдандыру кез-келген қаланың дамуындағы аса маңызды қадам екенін атап өтті. Газбен қамтамасыз ету мегаполистің экологиясын айтарлықтай жақсартуға ғана емес, сонымен қатар тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қала әкімі тұрғындарды газды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды. Бүгінде тұрғын үйлерді газдандырудың екінші кезеңі аясында 700-ге жуық абонент көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін үшінші кезең жүзеге асырылғаннан кейін тағы 700-ден астам абонент көгілдір отынмен қамтылады. Бұл ретте жыл соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай және Қаратөбе шағын аудандарын газдандыруды аяқтау жоспарлануда. Айта кетейік, газ желісіне қосылуды жылдамдату үшін тұрғындар «QazaqGaz Aimaq» АҚ-на өтініш білдіріп, құжаттарды тапсыруы қажет. Еске салсақ, бұған дейін Қайнарбұлақ тұрғын алабына да табиғи газ берілген болатын. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 60 мыңнан астам халқы бар тұрғын алабына газ берілу іс-шарасына қатысқан еді. Тұрғындар осыған дейін сұйытылған газды күнделікті қолданып келген. Газ құбырының құрылысы 2022 жылы басталған. Қала әкімі халықты сапалы қызметпен қамтуда жауапты тұлғаларға газ құбырын ерте кезеңде пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырған болатын. Айта кетейік, бүгінде абоненттердің 60% көгілдір газға қол жеткізді, ал 40% - ы биыл қараша айының соңына дейін қосылады. Тұрғындар қазірден қосылуға өтініш бере алады. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай, Бозарық және Көктөбе шағын аудандарының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарлануда екендігін айтқан еді қала әкімі.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:

08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері" ұлттық жобасы 2021 жылы іске қосылды.

08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірледі.

08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірлеген болатын.
Комментарии (0)