Байланысқа арналған телефондар:
» » Инженерлік инфрақұрылым — бұл экономиканың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қоғамның әртүрлі салаларындағы қызметтерді қолдауға арналған техникалық жүйелер мен құрылғылар жиынтығы.

Инженерлік инфрақұрылым — бұл экономиканың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қоғамның әртүрлі салаларындағы қызметтерді қолдауға арналған техникалық жүйелер мен құрылғылар жиынтығы.

16 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
1 634
0
  Инженерлік инфрақұрылым — бұл экономиканың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қоғамның әртүрлі салаларындағы қызметтерді қолдауға арналған техникалық жүйелер мен құрылғылар жиынтығы.
 Шымкент қаласы 2024 жылы өзінің инженерлік инфрақұрылымын дамытуда бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Қала тұрғындары үшін сапалы қызмет көрсету мақсатында осы инфрақұрылым саласында жүйелі өзгерістер мен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

 Қаладағы инфрақұрылымдық жүйелердің дамуы, жаңа технологияларды енгізу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар Шымкентті Қазақстанның ең дамыған қалаларының бірі етуге мүмкіндік береді.
  Шымкентте 56 шағын аудан  кәріз жүйесімен қамтылған. 
  Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекенді 2024 жылы толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған.
Қазіргі таңда 80 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп көреткіш 99 пайызды кұрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Самат Мергенов айтты.
  2018 бекітілген жоспар бойынша, қала тұрғындарын ауыз сумен қамту 100 пайыз орындалуы тиіс еді. Қазіргі таңда Құрсай елді мекенінде жыл соңына дейін толық, ауыз сумен қамтамасыз етеді. Яғни, Шымкент қаласы бойынша көрсеткіш 100 пайызға орындалады. Сонымен қатар, қала аумағының ұлғайып жатқанын ескере отырып қажет ететін аудандарда қосымша ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, -дейді Самат Мергенов.
  Ал, кәріз жүйесімен Шымкент каласындағы елді-мекендер 60 пайызға қамтамасыз етілген. Яғни, 81 шағын ауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жуйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған.
Сонымен қатар, 2024 жылы 1 магистралды кіріз колекторының және 5 ішкі орамдық жүйенін құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланыпты. Нітижесінде кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60 пайыздан 65 пайызға дейін өседі дейді мамандар.
    Шымкентте «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-ін мемлекет меншігіне қайтару бойынша тыңдалымдар мен талқылаулар жалгасуда. Бүгін коғам белсендісі Бақытжан Көпбаевтың мекемені мемлекет меншігіне қайтару туралы жариялаған петициясы бойынша ашық талқылау өтті. Жалпы, «Су ресурстары» маркетинг ЖШС-не қатысты халық арасында шағым кеп. Тарифтің, жоғары болуы, қыммбаттығы, су тазартқыш құбырлардың жүргізілмеуі, кәріз жүйесі, қызмет сапасының төмендігі, экологиялық, мәселелер халық наразылығын тудырған. Алайда монополист бұл шешімдермен келіспейді. Бүгінгі тығдалымға қала әкімінің орынбасары, Сәрсен Құранбек, қоғам белсенділері, халық қалаулылары, тұрғындар және «Су ресурстары маркетинг» ЖШС мекемесінің ұжымы қатысты. Ашық талқылауда сөз алған Сәрсен Абайұлы жарияланған петиция бойынша атқарылып жаткан істермен таныстырды. Маселе бойынша жұмыс тобы құрылып, 19 мүшесі бекітілді. Осы уақытқа дейін екі тыңдалым заң, шеңберінде, талапқа сай өтті. Бүгінге дейін 12000 қала тұрғыны мекемені мемлекет меншігіне қайтару керек деп қол қойған, - дейді қала әкімінің орынбасары.
   Бұдан әрі сөз сөйлегендердің көпшілігі стратегиялық нысанның мемлекет меншігінде болғанын құп көреді. Дегенмен мекеме басшысы Анарбек Орманның да айтар уәжі болды. 
  Айта кетейік, тұрғындар мен қала әкімдігі бұл стратегиялық нысанды коммуналдық меншікке қайтару арқылы қызмет сапасын жақсарту және тарифтерді төмендетуді мақсат етуде.
   Қорытынды:   Шымкент қаласының инфрақұрылымын дамыту бағытында көптеген маңызды жұмыстар жүзеге асырылуда. Қаладағы ауыз су жүйесі 99%-ға жетіп, 2024 жылы толықтай қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, кәріз жүйесімен қамту 60%-ды құрап, алдағы уақытта бұл көрсеткіш 65%-ға дейін артуы көзделуде. Қала аумағының кеңеюіне байланысты жаңа тұрғын алаптарын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары жалғасуда.
   «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-ін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі бойынша қоғамдық тыңдалымдар мен талқылаулар өткізіліп, тұрғындар мен қала әкімдігі бұл нысанды коммуналдық меншікке қайтару арқылы қызмет сапасын жақсартуды және тарифтерді төмендетуді мақсат етуде. Қазіргі таңда қалада су, кәріз жүйелері және басқа да инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстар жалғасып, халықтың қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа жүйелер мен қызметтер енгізілуде.
 Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымы 2024 жылы маңызды жаңғырту және даму кезеңінен өтуде. Қала тұрғындарына жоғары сапалы қызметтер ұсыну мақсатында энергия, су, жылу, көлік, телекоммуникация және басқа да салалар бойынша көптеген жобалар іске асырылуда. Бұл жұмыстар қаланың инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкес келтіруге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать