ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП ӨСІМІ МЕН ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНЫ САҚТАЛУДА
ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП ӨСІМІ МЕН ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНЫ САҚТАЛУДА
Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында баспасөз конференциясы өтті. Жиында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов 2026 жылдың қаңтар–наурыз айларындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Есепті кезеңде қала өнеркәсібінде оң динамика қалыптасты. 2026 жылдың алғашқы үш айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 397,8 млрд теңгені құрап, 5,6%-ға артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 329,0 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Әсіресе сусындар, машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі салаларында өсім байқалды.
Сонымен қатар, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп салаларында төмендеу тіркелді. Бұл негізінен тапсырыстардың азаюы мен нарықтағы сұраныстың қысқаруына байланысты.
Қаладағы индустриялық аймақтарда да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Оңтүстік», «Тассай», «Жұлдыз» индустриялық аймақтарында ондаған жоба іске асырылып, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. Сауда-логистикалық орталық аумағында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, өндірістік инфрақұрылым толық қамтамасыз етілуде.
Бұдан бөлек, жаңа өндірістік алаңдар құру және қолданыстағы индустриялық аймақтарды кеңейту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, «Жұлдыз» және «Оңтүстік» аймақтарын ұлғайту, сондай-ақ «Темір» индустриялық аймағын құру жоспарлануда.
Жалпы, Шымкент қаласында өнеркәсіп пен инвестициялық жобаларды дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, экономиканың тұрақты өсіміне негіз қалануда.
Толығырақ: https://youtube.com/live/j_6SIL-Uhyo?feature=share
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында баспасөз конференциясы өтті. Жиында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов 2026 жылдың қаңтар–наурыз айларындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Есепті кезеңде қала өнеркәсібінде оң динамика қалыптасты. 2026 жылдың алғашқы үш айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 397,8 млрд теңгені құрап, 5,6%-ға артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 329,0 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Әсіресе сусындар, машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі салаларында өсім байқалды.
Сонымен қатар, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп салаларында төмендеу тіркелді. Бұл негізінен тапсырыстардың азаюы мен нарықтағы сұраныстың қысқаруына байланысты.
Қаладағы индустриялық аймақтарда да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Оңтүстік», «Тассай», «Жұлдыз» индустриялық аймақтарында ондаған жоба іске асырылып, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. Сауда-логистикалық орталық аумағында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, өндірістік инфрақұрылым толық қамтамасыз етілуде.
Бұдан бөлек, жаңа өндірістік алаңдар құру және қолданыстағы индустриялық аймақтарды кеңейту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, «Жұлдыз» және «Оңтүстік» аймақтарын ұлғайту, сондай-ақ «Темір» индустриялық аймағын құру жоспарлануда.
Жалпы, Шымкент қаласында өнеркәсіп пен инвестициялық жобаларды дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, экономиканың тұрақты өсіміне негіз қалануда.
Толығырақ: https://youtube.com/live/j_6SIL-Uhyo?feature=share
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Обсудить
Другие статьи:
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
23 Сәуір 2026, Бейсенбі
СУ ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ОРТАҚ БОЛАШАҒЫ
22 Сәуір 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
13 Желтоқсан 2024, Жұма
Президент Жолдауында қойылған міндет – еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент қаласының 2024 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасып отыр.
Комментарии (0)





