Шымкентте веложол мен жаяу жүргіншілерге арналған аймақ ашылды
Шымкенттегі жаңа серуен аймағының құрылыс жұмыстары аясында көлік өтетін жолдарда жаяу жүргіншілер үшін арнайы жол таңбалары сызылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жоба бойынша веложол, жүгіру жолдары, воркаут алаңдары салынды, ал аумақ толық көгалдандырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды. Дендросаябақ пен Қажымұқан стансасы аралығындағы бұрынғы балалар теміржолы 1979 жылы Асанбай Асқаровтың бастамасымен салынған болатын. Бұл аймақтың қайта құру жұмыстары кәсіпкерлердің демеушілігімен, заманауи талаптарға сай жүзеге асырылды. Қазіргі таңда бұл аумақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналып, қала инфрақұрылымының жаңа серпінін көрсетіп отыр.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент өнеркәсібі жаңа биіктерге: зауыттар кеңейеді, әуежай жаңарады
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкент жолдары: Бектенов тәртіп орнатуды талап етті
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкент аспанында мың жел диірмен: Республика күні ерекше мерекеге айналды
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






