Байланысқа арналған телефондар:
Құрылтай
» » Байқау, ашық деректер және партияларды қаржыландыру: ДИАҚБ сайлау қорытындысында нені атап өтті?

Байқау, ашық деректер және партияларды қаржыландыру: ДИАҚБ сайлау қорытындысында нені атап өтті?

24 Тамыз 2026, Дүйсенбі
54
0
Сайлау процесінің ашықтығы: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының оң бағалары
ДИАҚБ рәсімдердің жариялылығы мен сайлау процесінің адалөтуінқамтамасыз ету шараларын атап өтті
Сайлау рәсімдерінің ашықтығы, ұлттық және халықаралық байқаушылардың сайлауды бақылауына жасалған мүмкіндік –ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) миссиясының Қазақстандағы сайлауды бақылау қорытындысында жеке атап өтілген бағыттардың бірі. Бұл туралы бүгін Құрылтай сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ халықаралық миссиясының баспасөз конференциясында мәлім болды. 
Миссия мүшелері Қазақстан заңнамасында сайлауға ұлттық та, халықаралық та байқау жүргізу мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті. Дауыс беру күні сайлау барысын бірқатар ұйымның өкілдері бақылап отырды. Бұл бүкіл сайлау науқаны барысында қолданылған жариялылықты қамтамасыз етудің өзге де тетіктерін толықтыра түсті.
Орталық сайлау комиссиясы отырыстарын тұрақты түрде ашық өткізіп, оларды тікелей эфирде көрсетті. Қабылданған шешімдер ресми сайтта жедел жарияланып отырды. Қолданыстағы сайлау заңнамасы, оның ішінде соңғы енгізілген өзгерістердің басым бөлігі мен заңға тәуелді нормативтік актілер де ашық қолжетімді. Миссия бұл жайтты оң бағалап, арнайы атап өтті.
Ашықтықты қамтамасыз етудің тағы бір маңызды тетігі – сайлау науқанын қаржыландыру туралы мәліметтердің жариялануы. ОСК қаулысына сәйкес, дауыс беру күніне дейін әрбір саяси партияның сайлау науқанын қаржыландыруы туралы ақпарат екі рет жариялануға тиіс болды. Миссия бұл талаптың орындалғанын атап өтті.
Саяси партиялар да ашық қоғамдық коммуникацияға белсенді қатысты. Олардың сайлауалды тұғырнамалары әлеуметтік және экономикалық мәселелердің кең ауқымын қамтыды, ал науқан тұтастай алғанда тыныш әрі ұйымдасқан жағдайда өтті. Сайлау процесіне қатысушылар үгіт-насихат жұмыстарын әкімшілік кедергілерсіз жүргізе алды. Миссияға үгіт іс-шараларына негізсіз шектеу қойылғаны туралы расталған ақпарат түскен жоқ. 
Тағы бір маңызды мәселе – Парламенттің жаңа моделінің институционалдық тұрғыдан қабылдануы. Миссия сұхбаттасқан саяси партиялар өкілдерінің бір бөлігі партиялық мандаты күшейтілген жаңа бір палаталы Құрылтай заң шығару процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді деген пікір білдірді.
Жалпы, Миссияның бағалауы сайлау процесі ашықтығының бірнеше құрамдас бөліктен тұратынын көрсетеді. Олар – ОСК жұмысының жариялылығы, заңнама мен қабылданған шешімдердің қолжетімділігі, қаржыландыру туралы ақпараттың ашық жариялануы, сайлауды байқау институты және азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары. Осы тетіктердің барлығы сайлау процесінің ашықтығы мен орнықтылығын арттыруға бағытталған. 
Айта кетейік, биылғы сайлауды рекордтық деңгейдегі халықаралық байқаушылар – 42 ел мен 13 халықаралық ұйымнан 777 өкіл бақылады. Олардың қатарында ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, Еуропа Кеңесі және Түркі академиясының миссиялары болды.
Сонымен қатар сайлауды бақылауға отандық ұйымдардан 80 мыңға жуық байқаушы тартылды. Жалпы алғанда, Орталық және аумақтық сайлау комиссиялары 258 ұйымды аккредиттеді.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать