Жаңа жыл түні Шымкентте 16 саби дүне есігін ашты
Жаңа жыл түні Шымкентте 16 сәби дүние есігін ашты
Шымкент қалалық перзентханасында жаңа жыл түні 18 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 10 қыз, 8 ұл бала бар. Барлық нәрестенің денсаулығы жақсы, ана мен баланың жағдайы бірқалыпты. Жаңа жылды қуанышпен қарсы алған аналар мен дәрігерлердің айтуынша, 1 қаңтар күні болған босанулар ерекше сәттермен есте қалды.
21 жастағы Әсел Құлжан екінші баласын, Айбар есімді ұлын, мереке түні дүниеге әкелді. Ал Мадина Юлдашева үшінші босануын жеңіл әрі сәтті өткізді, қыз баласы Айлинді өмірге әкелді. Ол сәбиін жаңа жылдық сый ретінде қабылдап, перзентхана қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Шымкент қалалық перзентханасының бөлім меңгерушісі Гүлнар Жұмадиллаева жаңа жыл түні 18 босану тіркелгенін, оның ішінде 3 босану ота арқылы өткенін хабарлады. Барлық ана мен баланың жағдайы жақсы.
Жалпы, елімізде 1 қаңтар күні сағат 00:00-ден кейін 181 сәби дүниеге келген, оның ішінде 105 ұл, 76 қыз бала. Мереке түнінде ең көп бала Түркістан облысында (34 бала) дүниеге келсе, екінші орында Алматы қаласы мен облысы (17 сәби), үшінші орында Шымкент қаласы (16 бала) тұр.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)