Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 трлн теңгеге жетті
Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 трлн теңгеге жетті
Тілші: Кенжебаева Гаухар
2024 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы оң үрдіс көрсетіп, негізгі салалар бойынша өсім қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 трлн теңгеден асып, экономиканың қысқа мерзімді өсімі 109,8%-ды құрады. Бұл Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында атап өтілген экономиканың құрылымын өзгерту және инвестиция тарту жұмыстарын күшейту тапсырмаларын орындау жолында атқарылған маңызды қадамдар болып табылады.
Өнеркәсіп саласында Түркістан облысы айтарлықтай табыстарға жетті: 1 078,6 млрд теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109%-ға өсу қамтамасыз етілді. Бұл өсімнің негізгі қозғаушы күші тау-кен және өңдеу өнеркәсібі болды. Өңдеу саласында биыл 25 млрд теңге көлемінде 13 жаңа жоба іске асырылуы жоспарланған болатын. Осы жылдың 11 айында 12 жоба толықтай жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл шаралар облыс экономикасын әртараптандыру мен дамытуды одан әрі жандандырып, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласының әлеуетін арттыруға бағытталған.
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Обсудить
Другие статьи:
Зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы
09 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)