5) Шымкентте керамогранит шығаратын зауыт іске қосылды
Шымкентте керамогранит шығаратын зауыт іске қосылды
Другие статьи:
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкент қаласында «Жұлдыз» индустриалды аймағында керамогранит шығаратын зауыттың бірінші кезеңі ресми түрде іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «WAN SHENG CERAMIC» шетелдік компаниясының құрылтайшылары қатысты.
Қала әкімі өз сөзінде бұл зауыттың Орталық Азиядағы құрылыс индустриясындағы ең ірі жобалардың біріне айналатынын атап өтіп, Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жобаның барлық кезеңдерде қолдауға ие болғанын айтты. Зауыттың ашылуы елімізде отандық құрылыс материалдарын, атап айтқанда керамикалық плиталарды өндіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«WAN SHENG CERAMIC» ЖШС құрылтайшысы Ху Цзяньго жобаны жүзеге асыруда көрсеткен қолдауы үшін қала әкімдігіне алғыс білдіріп, компанияның заманауи технологияларды енгізумен қатар, қызметкерлерді дамытуға арналған бағдарламалар жасау жоспарын мәлімдеді.
Инвестициялық жоба құны 25,5 млрд теңгені құрайды, ал оның жалпы аумағы 32 гектарды құрайды. Жоба нәтижесінде 350 жаңа жұмыс орны ашылды. Зауыттың құрылысы өткен жылы басталып, қазіргі уақытта заманауи технологиялық қондырғылар орнатылған. Өндіріс экологиялық таза әрі қауіпсіз болмақ. Бұл жоба Шымкент қаласының экономикалық дамуына маңызды үлес қосып, құрылыс индустриясын жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.
Керамогранит шығаратын зауыттың бірінші кезеңі іске қосылғаннан кейін кәсіпорын жыл сайын 12,7 миллион шаршы метр өнім шығаруды жоспарлап отыр. Ал екінші кезең іске қосылғанда өндірістік қуаттылық екі есеге, яғни 25,4 миллион шаршы метрге дейін артады. Бұл кезеңде тағы 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, еңбек нарығына қосымша мүмкіндіктер ұсынылатын болады.
Жоба құрылыс саласын ғана емес, сонымен қатар заманауи өндірістік технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын құруға да үлкен септігін тигізеді. Бұл Шымкент қаласының экономикалық дамуына, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз.
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Обсудить
Похожие материалы:

07 Тамыз 2024, Сәрсенбі
ИНВЕСТЖОБА: ШЫМКЕНТТЕ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ
Комментарии (0)