7) Қазақстан-Өзбекстан тарихи-мәдени байланыстарын нығайтатын ерекше тур Шымкентке келді
Қазақстан-Өзбекстан тарихи-мәдени байланыстарын нығайтатын ерекше тур Шымкентке келді
Алматыдан шыққан туристік сапарға қатысқан 115 турист бүгін Шымкентке жетіп, қаланың тарихи және мәдени орындарын аралады. Бұл тур Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы, ҚР Көлік министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Алматы мен Шымкент қалалары, Түркістан облысы және «Өзбекстан темір жолдары» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділхановтың айтуынша, жобаның мақсаты – екі ел арасындағы серіктестікті нығайту және аймақтың туристік әлеуетін таныту. Туристерге Шымкенттің тарихи нысандары мен заманауи көрікті жерлерін көрсету жоспарланған, сондай-ақ, қаланың танымал дәмханаларынан дәм татып, жергілікті мәдениетпен танысу мүмкіндігі беріледі.
Бұл жоба тек екі ел арасындағы достықты нығайтып қана қоймай, туризм саласының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді, аймақтағы көне және заманауи орындарды әлемге паш етуге мүмкіндік туғызады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






