Байланысқа арналған телефондар:
» » 10) Шымкентте сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорын мемлекетке қайтарылды

10) Шымкентте сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорын мемлекетке қайтарылды

12 Қантар 2025, Жексенбі
7
0
Шымкентте сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорын мемлекетке қайтарылды

  Шымкенттегі «Орталық су-спорт кешені» 2017 жылы сенімгерлік басқаруға берілгеннен кейін күрделі мәселелерге тап болды. Жоба бойынша, 1 миллиард 213 миллион теңге құны бар нысан «GRAND TRUST» ЖШС басқаруына берілген болатын. Бұл келісім бойынша компания кешенге 500 миллион теңге инвестиция салып, салықтық міндеттемелерін орындауы тиіс болған. Алайда, Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания келісімшарт талаптарын орындамаған.
Нәтижесінде ғимараттың жағдайы айтарлықтай нашарлап, бүгінгі таңда ол пайдалануға жарамсыз күйге түскен. Қабырғалары жарылып, еден жабындары опырылып, кешеннің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған. Алдын ала тексеру нәтижелеріне сүйенсек, нысанның пайдалану қауіпсіздігі азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді.
  2018-2024 жылдары ғимаратты ұстауға және су спорты түрлері бойынша спортшыларды даярлау үшін жергілікті бюджеттен 1 миллиард 218 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, 2021-2024 жылдар аралығында «Су спорты түрлері орталығы» ЖШС жалпы сомасы 335 миллион теңге көлемінде қаржыландырылған.
Мұндай жағдайлар мемлекеттік ресурстардың тиімсіз пайдалануын көрсетіп, сенімгерлік басқару мен қаржыландырудың бақылау механизмдерін қайта қарауды талап етеді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать