СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛГЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫС САПАСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сенімгерлік басқаруға берілген медициналық ұйымдарға арнайы барып, қызметтерін тексерді. Алдымен 2021 жылы «АУХАЛ» ЖШС сенімгерлігіне өткен қалалық №2 емхананың материалдық жабдықталуындағы өзекті мәселелерді қарастырды. Екі блоктан тұратын емханада ересектерге және балаларға медициналық қызметтер көрсетіледі. Мұнда қазір 400-ге жуық адам жұмыс істейде, оның ішінде 108 дәрігер, 230 орта медициналық қызметкер бар.
Тиісті қаражат бөлінбегендіктен, бүгінде медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасы төмендеп, қондырғылардың тозығы жетіп, істен шыққан. Бұл келеңсіздіктер халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына кері әсер ететіні белгілі. Осыны ескерген қала басшысы жауаптыларға аталған емхананы шұғыл түрде заң шеңберінде, сот тәртібімен мемлекет балансына алуда тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша тапсырма берді.
Қала әкімі денсаулық сақтау басқармасына қарасты Залалсыздандыру орталығында да болып, материалдық жабдықталуын қадағалады. Мекеменің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында осыдан екі жыл бұрын сенімгерлік басқару бойынша келісім шарт түзілген болатын. Тәулік бойына жұмыс істейтін кәсіпорын қазір Шымкент пен Түркістан облысындағы медицина ұйымдарының құралдары мен бұйымдарын залалсыздандырады. Мұнда бүгінде 86 қызметкер жұмыс істейді.
Қала әкімі сала басшысына Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе келісім шартты қайта қарап, орталықтың материалдық базасын нығайтуды, қызметтік автокөліктерді жөндеуден өткізуді қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






