Байланысқа арналған телефондар:
» » 4) Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес

4) Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес

13 Қантар 2025, Дүйсенбі
10
0
Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес

  Түркістан облысында санитарлық талаптарға сай келмейтін қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс аумағында жалпы 128 полигон бар, оның 65%-ы экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Осы мәселені шешу үшін 2024-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітіліп, 16 полигонның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Биыл Созақ ауданында үш ҚТҚ полигонның орнында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қалдықтарды кәдеге жарату үлесін 26%-ға жеткізу жоспарланып, бұл меже толық орындалды.
  Экологиялық тәрбие мен білім беру аясында облыста жасөспірімдер арасында түрлі экологиялық акциялар өткізілді. Олардың қатарында «Қалдықтарды бөлек жинайық», «Табиғатты аялайық», «Қоршаған ортаға ұқыпты қарайық» сияқты тақырыптарда іс-шаралар ұйымдастырылды.
 Сонымен қатар, Түркістан облысында су қорғау аймақтарында экожүйені сақтап қалу мақсатында 35 метрлік су қорғау белдеу белгілері 100 және 500 метрлік белдеулермен қайта орнатылып, 183 су нысанында су қорғау аймақтары белгіленді. Бұл шаралар заңсыз құм, тас қазу және экологиялық жағдайды бұзу фактілерін болдырмау үшін жүргізілуде.
  Экологиялық сараптамалар мен қоғамдық тыңдаулардың нәтижесінде, экологиялық зиянды әсері жоқ жобалар жергілікті тұрғындардың келісімімен жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етеді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать