Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысында су тасқынының алдын алу бойынша каналдар тазаланып, су нысандарында қауіпсіздік күшейтілді

Түркістан облысында су тасқынының алдын алу бойынша каналдар тазаланып, су нысандарында қауіпсіздік күшейтілді

13 Қантар 2025, Дүйсенбі
6
0
Түркістан облысында су тасқынының алдын алу бойынша каналдар тазаланып, су нысандарында қауіпсіздік күшейтілді

Түркістан облысында көктемгі су тасқынына дайындық жұмысы күшейтілді. Бұл мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде кеңінен талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне су тасқынына қарсы дайындықты күшейту және атқарылған жұмыстардың сапасын бақылауды тапсырды.

«Су басу қаупі бар аймақтарды толық зерделеп, қауіпсіздікті арттыру қажет. Өңірдегі су қоймалар, каналдар, өзендер мен көлдер, барлық су нысандары қатаң бақылауда болуы тиіс. Немқұрайдылыққа жол берілмесін», — деді облыс әкімі. Сонымен қатар, аймақтың су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Шардара» су қоймасының бақылауға алынатынын және су нысандары бойынша бекітілген іс-шаралардың жүйелі түрде атқарылуы қажеттігін атап өтті.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешевтің айтуынша, «2024-2025 жылғы қыс-көктемгі су тасқынына қарсы инженерлік іс-шаралар» жоспары аясында атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді. Бүгінгі таңда жоспардың 28 іс-шарасы толық аяқталып, қалған 3 іс-шара бойынша жұмыстар жалғасуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде 68,2 шақырым қашыртқы арналар механикалық тазалаудан өтіп, Келес ауданында арық-атыздың 14 шақырымы қоқыстан тазартылды. Сарыағаш қаласында каналдардың 350 метрі бетондалып, Сайрам ауданындағы Арыс өзенінде 500 метр арнаны түзету жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Сауран және Отырар аудандарында 5 тоспа орнатылды.

Қазіргі уақытта атқарылған жұмыстар жоғары нәтижелерін беруде, ал су тасқынына қарсы алдын алу шаралары бойынша жүйелі түрде қосымша жұмыстар жалғасуда. Бұл шаралар Түркістан облысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үлкен маңызға ие. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать