Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 160-тан астам жоба іске асырылады: Ауыз су, газ, жарық және кәріз жүйелері бойынша ауқымды жұмы
Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 160-тан астам жоба іске асырылады: Ауыз су, газ, жарық және кәріз жүйелері бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі
Түркістан облысында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары күшейтілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл қорытындысымен барлық елді мекенді ауыз сумен қамту жоспарланған. Газдандыру, сапалы жарықпен және кәріз жүйесімен қамту бойынша жұмыстар қатаң бақылауда. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың инфрақұрылыммен қамтылуы да маңызды мәселе ретінде қарастырылуда.
Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары сараланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарға қатысты жауапты басқарма мен коммуналдық мекемелердің басшыларына және аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Сын-ескертпелер айтып, жұмысты күшейтуді тапсырды. Барлық жұмыстарды тұрақты қадағалауды және коммуналдық мәселелерді дер кезінде шешуді тапсырды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстардың барысы және өзекті мәселелерді баяндады. Биыл бұл салада 160-тан астам жаңа нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Іске асырылатын жобалар бойынша нақты жоспар бекітілген. 2025 жылы бюджет есебінен 47 ауыз су нысанының құрылысы іске асырылуда. Бұдан бөлек, 30 елді мекеннің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыру үшін бюджетке ұсынылды. Жыл қорытындысымен 30 мыңнан астам тұрғынды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жалпы, инфрақұрылыммен қамту бойынша атқарылатын ауқымды жұмыстар облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, ауылдар мен елді мекендердің дамуына жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қаласында 2024 жылы халықты жұмыспен қамту шаралары нәтижелі жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары құрылды.
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында колледждер студенттеріне 15 мыңнан астам грант бөлініп, шәкіртақысы көтерілді
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Похожие материалы:
12 Қантар 2025, Жексенбі
Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды
Комментарии (0)