Шымкентте Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алу шарасы өтті: Тұлғаның ел үшін жасаған еңбектері ұлықталды
Шымкентте Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алу шарасы өтті: Тұлғаның ел үшін жасаған еңбектері ұлықталды
Шымкент қаласында көрнекті қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ғасырда бір туатын арда азаматты ұлықтауға Дінмұхаммед Ахметұлының көзін көрген қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен қала тұрғындары жиналды. Тіпті оңтүстік өңірдің шалғай аудандарынан да тау тұлғаның ізгілікті істері мен шарапатын көрген қариялар да ортадан табылды.
Шара барысында ширек ғасыр ел басқарған тұлға жайлы жылы естеліктер мен лебіздер төгілді. - Ол кісінің жарқын бейнесі, қажымас қайраты ұрпақ жадында мәңгі сақталарына сенімдіміз. Дінмұмамед Қонаев ел үшін өлшеусіз еңбек еткен ерен тұлға десек, артық айтпағанымыз болар. Дінмұхаммед Ахметұлы билік тізгінін ұстаған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Осы еңбегінің өзі үлкен ерлік. Халқына адал қызмет еткен қайраткер деп айта аламын. Дара тұлғаның ізгі жолы жастарға үлгі болып, жастар арасында насихатталуы керек, – деді Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.
Салтанатты шарадан кейін қазақ халқының ардақты перзенті Дінмұхамед Қонаевтың рухына тағзым етіліп, құран бағышталды.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қаласында 2024 жылы халықты жұмыспен қамту шаралары нәтижелі жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары құрылды.
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында колледждер студенттеріне 15 мыңнан астам грант бөлініп, шәкіртақысы көтерілді
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)